ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. Осыған дейін облыс орталығындағы І және ІІ мөлтек аудандарында 75, ал «Отырар» мөлтек ауданында 49 және Әкімшілік-іскерлік орталығында 98, жалпы көпқабатты 222 тұрғын үй орталық жылу қуатымен қамтылған. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған мәселе аясында пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Қала бойынша жылу мекемесі орталық қазандық, «Отырар» мөлтек ауданында, Рухани-мәдени орталық және Әкімшілік-іскерлік орталықтарында 14 модульді қазандық блоктарымен жұмыс істейді. Сондай-ақ 2023–2024 жылғы жылу беру маусымына қосымша тағы 3 модульді қазандық блоктары іске қосылады деп күтілуде.
Айта өтсек, жылу беру маусымында кәсіпорындар толықтай табиғи газ отын түрін пайдаланады. Осы бағытта табиғи газбен қамтылған «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісімшарт түзілген. Аталған жұмыстарға қатысты мекеме басшысы Ергазы Рысбеков пікір білдіріп, орталық жылу трассасының жылыту маусымына толықтай дайын екенін жеткізді.

Осы тұста қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков «Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) және «Жай серіктестік» (ЖС) төрағаларына көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі ішкі жылу құбырларын маусымға дайындау жөнінде тапсырмалар берді. Жылыту маусымына қажетті көмірдің жалпы көлемі — 1 021,3 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда көмір вагондары тұрақты келіп жатыр. 1 мамыр — 28 тамыз аралығында «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ арқылы облысқа 212 мың тонна көмір жеткізілді. Көмір сақтау қоймаларында 138,9 мың тонна көмір бар. Шұбаркөл маркалы көмірдің орташа бағасы тоннасына — 15-24 мың теңгеден сатылуда. Облыстағы жылу желілеріне тұтастай техникалық зерттеу жүргізілген. Жылу желілерінің тозуы 46,5 пайызды құрап отыр. Оларды реконструкциялау бойынша 2025 жылға дейін іс-шаралар жоспары жасақталды. Қазіргі таңда Кентау қаласындағы 4,7 шақырым магистральды жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *