ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТӘУЛІГІНЕ 50 НАУҚАСТЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Сарыағаш ауданына қарасты Еңкес елді мекенінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

-Еңкес ауылында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Ендігі кезекте ауыл тұрғындары жоғары сапалы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатын болады. Дендеріңіз сау, ауырмай жүрулеріңізге тілектеспін. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жемісті еңбек етеді деген сенімдемін. Жаңа нысан құтты болсын,— деді аудан басшысы.

Жаңа орталық алдағы уақытта тәулігіне 50-ге жуық ауыл тұрғынына медициналық қызмет көрсетуге қауқарлы. Сонымен қатар амбулаторияда білікті дәрігерлер қызмет атқарады. Сондай-ақ ауыл тұрғындары аталған орталықтың көмегіне жүгініп, ем-дом шараларын қабылдай алады.
Айта кетсек, Түркістан облысында тұмауға қарсы иммундау науқаны басталған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
Нұрбек Садықбекұлының айтуынша, облыс бойынша 2023 жылға жергілікті бюджет қаржысынан тұмауға қарсы Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 248 691 дозасы алынған. Осы ретте тұмауға қарсы егумен облыс тұрғындарының 12,2% қамту жоспарланған.

— Өздеріңізге белгілі күз мезгілі жіті респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмау ауруының өрши түсетін кезеңі. Осыған байланысты 1-қазаннан бастап, Республика көлемінде, оның ішінде Түркістан облысында да тұмауға қарсы иммундау науқаны басталады. Облыс бойынша 2023 жылдың 8 айында ЖРВИ инфекциясы бойынша 102 718 жағдай тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 есеге өскен. Дегенмен салыстырмалы түрде аурушаңдық эпидемиологиялық бақылау деңгейінен асқан жоқ, — деді департамент басшысы.
Сонымен қатар, брифингке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев облыс бойынша 609 инфекциялық төсек-орын ұйымдастырылғандығын айтты. Оның ішінде 330 ересектерге болса, 279-і балаларға арналған төсек орын.

Қосымша ақпар. Сайрам өңірі өзінің тарихи маңыздылығымен қатар, емдік-сауықтыру орталықтарымен де танымал. Соның бірі — Манкент санаториясы. Онда елімізден ғана емес, алыс-жақын шет елдерден де ем алушылар көп келеді. Орталық мамандарының мәліметінше, 420 адамға арналған шипажайға жылына 15 мыңнан астам адам келіп ем алады.

Емдік-сауықтыру орталықтарының жұмыстарымен танысқан аудан басшысы Арман Сәбитов сондай-ақ, 2020 жылы іргетасы қаланған «Sairam Thermal Resort» шипажайына барды. Орталық бүгінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Шипажай жылына 3 000 адам қабылдайды. Онда ем-домға қажетті барлық шаралар мен аппараттар бар. Суы шипалы, ауасы таза.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *