МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІҢ БЕРУ ТӘРТІБІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ТЕКСЕРЕТІН ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бүкіл ел болып Әділетті Қазақстанды құруға бет алғандықтан әрбір істе заң үстемдігін, ашықтық пен жариялылық қағидалары басшылыққа алыну керек.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков жекешелендірілген және сенімгерлікке берілген мемлекеттік активтердің беру тәртібінің заңдылығын тексеру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкім шығарды.

Құрылған жұмыс тобының құрамына қала орынбасарлары, қалалық құқық қорғау органдарының басшылығы, қоғамдық кеңес мүшелері және басқа да заңдылыққа жауапты мекеме өкілдері енгізілді.

Жұмыс тобы бұрын мемлекетке тиесілі болған, кейіннен жеке меншікке немесе сенімгерлік басқаруға берілген қаладағы жер телімдері, ғимараттар, саябақтар немесе басқа да нысандардың беру тәртібінің заңдылығын анықтайтын болады.

Сондай-ақ, бұл жұмыс тобы алдағы уақытта да мемлекеттің меншігіндегі мүліктердің жеке меншікке заңсыз беріліп кетпеуін қатаң қадағалайды.

Бұл жөнінде қала әкімі « Жұмыс тобының іс-әрекеті барынша ашық және әділетті болуын өзім тікелей бақылауда ұстаймын»-деді.

Айта кететін мәселе, осы уақытқа дейін заңға сәйкес алған мүліктер мен жер телімдері иелерінің алаңдауына негіз жоқ. Себебі, аталған жұмыс тобы мемлекеттік мүлікті заңсыз иемденген тұлғаларға ғана қатысты жұмыс жүргізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *