ҚАЛА ӘКІМІ ТЕАТРДЫ ЖАБДЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл 40 жылдығын атап өткен қуыршақ және жасөспірімдер театрына барып, жұмысымен танысты. Екі бағытта қызмет көрсететін мәдениет ошағында балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар қазақ, орыс тілдерінде ұсынылады. Өзіндік тарихы бар театрда қырық жылдың ішінде 500-ден астам қуыршақ жасалып, 160-тан астам қойылым қойылған. Жыл сайын 103 мың көрерменге 414 қойылым, 10 премьера көрсетіледі. Мұнда бүгінде 87 қызметкер жұмыс істейді, оның 38-і шығармашылық мамандары.

Театр әртістері 40 жылдық мерейтойына орай «Шымкенттен шашу» атты гастрольдік сапары аясында 40 қалада өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым VІ Халықаралық «Ортеке», Халықаралық «Кукляндия», «Құралай», Солтүстік Македонияда өткен «СТОБИ -2023» және Тәжікстан Республикасындағы «Чодари хаел» қуыршақ театрлары фестивальдеріне қатысып, «Ең үздік балалар қойылымы», «Ең үздік қуыршақ спектаклі» номинацияларының иегері атанды.

Қала әкімі жауаптыларға театрға қолдау көрсету мақсатында залдарды сапалы жарықпен және заманауи орындықтармен қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімге ұсыныс енгізу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *