КАНВОН-2024: ОЛИМПИАДА БОЙТҰМАРЫ АСТАНАДА

Олимпиадаға дайындық жөніндегі штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Канвондағы Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада қарсаңында штаб кеңсесінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті. Корея Республикасының Елшісі Қазақстанмен туризм және спорт саласында өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екендігін жеткізді.

Кездесу барысында екі елдің өкілдері Ойындарды талқылап, осы жарыстан, қазақстандық спортшылардан қандай нәтиже күтетініне қатысты ой бөлісті. Жиын соңында Корея Республикасының Елшісі Жасөспірімдер Олимпиадасының бойтұмарын сыйлап, Қазақстан спортшыларына алдағы байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.

«Канвондағы Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасының бойтұмары біздің штаб кеңсесінде өз орнын тауып, алдағы төрт жылдықтың басты бәсекесіне қатысатын қыз-жігіттерімізге сәттілік алып келеді деген сенімдеміз», – деді Ермек Маржықпаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *