ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында халықтың миграциялық және демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын оқушы саны 15 мыңға артуда. Осыған орай мектеп салу құрылысы шаһарда қарқын алған.
Нақтырақ айтсақ, Шымкентте 2022 жылы 46 мектеп пайдалауға берілді. Оның 5-і мемлекеттік, 41-і жекеменшік мектептер. Ал, 2023 жылы 21 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 3 мектеп мәселесі толығымен шешімін тапты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, жекеменшік мектеп ашуды қолға алынған. Өйткені, жеке-меншік мектептер қолданыстағы білім жүйесінің кемшілігін толықтырып тұратын, қоғамдық негіздегі мектептерді ширықтырып тұратын күш болып табылады. «Қазақстанда жекеменшік мектептер көп болуы тиіс. Сонда бәсеке пайда болады, ал бәсеке болған жерде баға төмендейді және жекеменшік мектептің мемлекетпен әріптестігі артады.
Сондай мектептердің бірі Нұрсат шағын ауданында ашылды. Оған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Заманауи және типтік үлгідегі 3 500 орынға лайықталған.
Кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта балалардың пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдай жасалған. Білім шаңырағында спорт зал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орындыққа арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар.
Аталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған. Құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия да қарастырылған.
Жалпы, Шымкентте үш ауысым мәселесі толығымен жойылған. Оған бірден-бір себеп, жекеменшік мектептер санының артқандығында. Қаламызда қазіргі таңда 268 білім ошағы бар болса, оның 118 жеке меншік мектеп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *