ШЫМКЕНТТЕ ОЙ-ШҰҚЫРЫ КӨП КӨШЕЛЕР ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕДІ?

Былтыр Шымкентте көптеген көшелерде жөндеу жұмыстары күз мезгілінде басталса да, айналасы бір жарым айдың ішінде аяқталды. Алайда, мегаполисте құрылысы сағыздай созылып, жырға айналған көшелер де бар. Соның бірі Еңбекші ауданына қарайтын Қаратөбе тас жолы. Өткен жылы тақтайдай тегіс жолдың жартысы қазылып құбыр тасталған. Содан бері әлі жатыр. Ал тастақ жолда жүргісі келмеген көліктердің көбісі қарсы бетке шығып кетуде. Осы жолмен бүгінде Жұлдыз, Қарабастау, Текесу тұрғын алаптары мен Еламан шағын ауданынан қала орталығына қатынайтын көліктер жүруде. Қаратөбе тас жолы арқылы өтетін олардың әбден ығыры шыққан. Жауын-шашынды күндері бұл көшемен жүру тіптен қиын.

«Қаратөбе тас жолы құрылысының аяқсыз қалғанын әкімдіктің де, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының да тұтас ұжымы ұмытып кеткен сияқты. Әйтпесе, әлдеқашан жөндеу жұмыстарының аяқталатын уақыты болған жоқ па»- дейді осындағы тұрғындар.

Сабыржан Байбосынов
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *