КӨЛІК ҚЫЗДЫРСАҢЫЗ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ

Көлікті көп қабатты үйлердің ауласында 5 минуттан артық қыздырсаңыз айыппұл төлейсіз. Бұл туралы «Halyq uni» сайты хабарлады. Мұндай шара ауаға зиянды заттардың артық тарамауы үшін қолға алыныпты. Әрі тұрғындардың мазасын қашырмау көзделген.
Аулада көлікті 5 минуттан артық қыздырған адамға 18 мың теңге айыппұл салынады. Машинаны оталдырып тастап кетуге де болмайды. Автомобилді көше бойында жол қозғалысына кедергі жасамай қыздыруға рұқсат. Көбіне ауладағы көліктер жөнінде құзырлы органға қоңырау шалатын тұрғындар екен.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *