ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕРГЕ 18 МЫҢ 460 ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Иә, иә, Шымкентте әйелдерге 18 мың 460 теңгеден беріледі. Әрине, бәріне емес, арасындағы көп балалы аналарға ғана беріледі. Бұл 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай жасалып отырған игі іс. Жылда аталған мереке қарсаңында нәзік жандыларға әкімшілік тарапынан қаржылай сыйлық жасау 2019 жылғы қалалық мәслихат шешімімен бекітілген. Содан бері 8-наурыз жақындағанда көп балалы аналарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлем ұсынылуда. Мегаполисте 64 мың 134 көп балалы ана бар. Олардың ішінде 12 мың 608-і алтын алқа иегері, ал, 51 мың 526-сы күміс алқа иегері.
Аяулы ана мен қыз келіншектеріміздің мерекесі құтты! Баршасына бақ-береке тілейміз!

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *