ТАҢҒА ЖУЫҚ ЖЕР СІЛКІНДІ

Бүгін Алматы қаласында таңғы сағат 5.09-да жер сілкінген. Бұл жер сілкінудің тектоникалық түріне жатады. Әлеуметтік желіде жер сілкінісінің Шыңжан Ұйғыр автономиялық аймағындағы жер қыртысын үңгу жұмыстарынан туындағанын жазғандар бар. Себебі, жер қыртысын қазу кезінде жарылғыш заттар пайдаланылатын көрінеді. Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының қызметкері Бейімбет Әшір әлеуметтік желідегі жазылғандардың бос сөз екенін айтты.
Сонымен бірге, жердің сілкінетінін алдын-ала болжап білетін құралдың дүние жүзінде жоқ екендігіне, ойлап табылмағанына тоқталды.
Таңғы жер сілкінісінен бүлінген ғимараттардың бар-жоғы анықталуда.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *