ІРІМШІК ӨНДІРУДЕН РЕКОРД ОРНАТТЫ

Нидерланд мемлекеті ірімшік өндіруден рекорд орнатты. Аталған елде жылына 500 миллион келі ірімшік өндіруде. Оның 75 пайызын сыртқы нарыққа шығарады.
Осылай Нидерланд ірімшік өндіруден АҚШ, Ұлыбритания, Ресей секілді алпауыт елдерді шаң қаптырып кеткен.
Нидерландының Гауда, Эдам деген ірімшік түрлері әлемдегі ең дәмді, ең сапалы болып табылады.
Мамандар ірімшік өндіруден екінші орында Франция елі екенін атаған. Наполеон отаны ірімшіктің 250 түрін өндіреді. Ал Белгия ірімшік өндіруде үшінші орында тұр. Шағын ел болса да, сүт өнімдері саласындағы бұрынғы державаларды басып озған.
Қазақстанның да сүт индустриясында озық елге айналуына тілектеспіз.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *