ГОЛОВКИН БОКСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жуырда ғана Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті болып тағайындалған Геннадий Головкин Италияға барып, қазақстандық боксшылармен кездесті. Аталған елде спортшыларымыз олимпиада лицензиясы үшін таласатын жарыста бақ сынап жатқан. Боксшыларымыз өздерін іздеп барған бас боксшыға риза болды. Геннадий Головкин боксшыларға: «Бәріміздің бокс мектебіміз бір. Біз бір командамыз. Өздеріңізге сеніңіздер, бапкерлеріңізге сеніңіздер. Мұндай кезеңнен мен де өткенмін. Әлемде Қазақстан боксшылары мықты деген түсінік қалыптасқан болатын. Сол абыройды сақтап қалуымыз қажет», — деді. Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан жарыс ертең аяқталады. Бұл елде бағын сынауға келгендер арасында Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай және тағы басқалар бар.
Бусто-Арсицио қаласында барлығы 49 Олимпиада жолдамасы үлестіріледі.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *