ШЫМКЕНТТЕ БҮТІН БОРДЮРЛЕР АЛЫНЫП ЖАТЫР

Жауын-шашын сиреп, күн жылынғалы Шымкент қаласында көше жөндеу жұмыстары басталды. Олардың қатарында Алматы-Термез, Бәйдібек би, Қонаев даңғылдары бар.
Десек те, аса бүліне қоймаған көше де жөндеуге ілігіп кеткен секілді. Бүгінде Юрий Гагарин көшесінің бордюрлері алынып жатыр. Алынбағандары бүп-бүтін. Арасында аздап кертілгендері де кездеседі. Бірақ олар да біраз жылға шыдайды.
Аталған көшенің құрылысы бордюрін алумен ғана шектелмес. Ертеңгі күні асфальты да алынатын шығар. Аталмыш көшенің біз көрген тұсында асфальты сап-сау.
Тақтайдай тегіс көшені жөндегенше, тас жолдарға асфальт салмай ма?
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *