ШЫМКЕНТТЕ АРЕНДАЛЫҚ ҮЙДІ ЖАЛҒА БЕРГЕН БЕ?

Мемлекет тарапынан баспанасыз жандарға арендалық пәтер берілгені мәлім. Бұл үйі жоқтардың мәселесін уақытша болса да шешу үшін қолға алынған болатын.

Дей тұрғанмен, арендалық тұрғыда берілген пәтерлердің бәрінде шын мәнінде баспанасыз жандар тұрып жатыр ма? Олай дейтін себебіміз, редакциямызға Назира Мамырова есімді қала түрғыны хабарласты. Айтуынша, өзі баспанасыз. Сондықтан бірнеше ай бұрын жалдап тұруға пәтер іздеп, оны тапқан. Одан ары қарай Н.Мамырова арызында:

— Мен 189-орамда пәтерді жалға алып тұрғанмын. Сөйтсем баспана иесі пәтерді арендалық тұрғыда алған екен. Демек, оның құжат жүзінде үйі болмаса да баспанасы бар деп ойлаймын», — деп жазған. Шағымда Назира өзін баспанадан шығуға пәтердің уақытша  қожайыны мәжбүрлегенін айтады.

Мынандай жайтты естіген соң ойланып қаласың? Егер тиісті орындар шынайы жұмыс істесе мынандай қаншама былықтар ашылуы мүмкін.  Ипотекаға алған пәтеріңді жалға берсең болады? Ал арендалық тұрғыда берілген баспананы ше? Арендалық тұрғыдағы пәтерлер үйі жоқ, әлеуметтік әртүрлі санаттағы топқа жататын адамдарға берілген емес пе? Егер мұндай заңсыздық көп болса, баспанасыздарды үймен толық қамтамасыз ету жақын арада мүмкін емес-ау.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ

Журналист

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *