ORDABASY: ШҰБАРСУДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

🔸Бүгін аудан Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтудың төртінші кезеңі бойынша 3142 абонентке су беру берілді. Шұбарсулықтардың қуанышына аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
🔸 Айта кету керек, Шұбарсуды ауыз сумен қамту үшін 5 кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатыр.
🔸 Бірінші кезең бойынша нысан құрылысы аяқталып, 1 965 тұрғын немесе 655 абонент ауыз сумен қамтылды.
🔸 Екінші кезең бойынша 3 333 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысанды биыл мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда.
🔸 Үшінші кезеңде 3 584 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысанды биыл мамыр айында пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал,
бесінші кезең 3 191 абонент ауыз сумен қамтылмақ.
🔸 Жылдың соңына дейін барлық кезеңмен ауыл толық ауыз сумен қамтылатын болады.

🔘 Аудан әкімінің баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *