АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ШҰБАРСУДЫҢ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖОҒАРЫ”

🔸Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев бектіліген кестеге сәйкес Шұбарсу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
🔸Мәдениет үйінде өткен кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Бекбосынов, аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кәдиев, аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандың ішкі істер бөлімінің, салалық бөлімдердің, мекемелердің басшылары, қоғам белсенділері және т.б.қатысты.
🔸Өткен жылдың соңында болған есепті кездесуде шұбарсулықтар тарапынан
16 мәселе көтеріліп, оларды кезең-кезеңмен шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалынған. Нәтижесінде мәселенің 5-уі шешімін тапқан. Қалғандары бойынша тиісті жұмыстар жүруде.
🔸Атап айтар болсақ, Шымкент-Шұбарсу аралығында қатынайтын қоғамдық көліктің бағытын 42-ші қиылыстан 50-ші қиылысқа дейін жүргізу сұралған. 2023 жылы қыркүйек айынан бастап қоғамдық көлік бағыты 50-ші қиылысқа дейін ұзартылды. Одан бөлек, елді мекеннің 3-ші, 8-ші қилыстарға тас төсеу жұмыстары сұралған болатын. Ауыл округі әкімдігі тарапынан тас төсеу жұмыстары толық жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғындар Ә.Омаров көшесіне жол кедергісін орнату мәселесі көтерілген болатын. М.Исламқұлов мектебі тұсына жолдарды күтіп ұстау есебінен жасанды жол кедергілері орнатылды. Жалпы, бес мәселе шешімін тапты. Қалған мәселелер ағымдағы жылы жүзеге асырылатын болады.
🔸 Аудан әкімі Шұбарсулы табиғи газбен, ауыз сумен, электрмен жабдықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, шұбарсулықтарға осы жылы ауылдық округте бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілетінін, жыл соңына дейін жақсы жаңалықтар болатынын жеткізді.
🔸 Кезбесудің соңы сұрақ-жауап форматына ұласып, тұрғындар жол, күл-қоқыс, жарық, ауыз су, білім беру және т.б.мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Әрбір сұраққа аудан басшысы, сала мамандары жауап берді.
🔸 Аудан басшысы Шұбарсудың кәсіркерлікті, шаруашылықты дамытуда потенциалы жоғары екенін айтып, ауыл әкіміне кез-келген мәселеде тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырды.
🔸 Кездесуден кейін аудан әкімі
Шұбарсуды ауыз сумен қамту үшін кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқан ішкі желісін тарту жұмысының 4-ші кезеңін іске қосты. Яғни,
3 142 абонент таза ауыз суға қол жеткізді.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *