ТҮРКІСТАН: ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОСПАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛҒАН

Түркістан облысы бойынша 2023 жылдың 1 шілдедегі жағдайға жергілікті бюджетке 83,9 млрд.теңге сомасында кіріс түсіп, жоспар 109,2%-ға немесе 7,1 млрд.теңгеге асыра орындалды (жоспар – 76,8 млрд.теңге). Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 10,4 млрд.теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 14,1%-ды құрап отыр.
Жалпы барлық аудан, қалалар бойынша түсімдер жоспары орындалды. Апталық аппарат отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен бюджет қаражатын қатаӊ бақылауды талап етті және бюджеттік бағдарламаныӊ қаржыландыру жоспарларына сәйкес толық және тиімді дамуын қамтамасыз етуге тапсырма берді.
Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаевтың баяндауынша, облыс бюджетінің шығыстарына 670,4 млрд.теңге жоспарланып, игерілуі 99,9%-ды құрады. Кей құрылыс нысандары жосықсыз мердігерлермен келісім шарттың бұзылуына байланысты игерілмеген.
Облыс әкімі облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне бюджет қаржысын сапалы әрі уақтылы игеру мақсатында заң талаптарына сай белгіленген мерзімінде тиісті шешім қабылдау туралы тапсырма берді. Қаржыландыру жоспарына негізсіз өзгеріс енгізуді тоқтатуды тапсырды.
Осы тұста Ұлттық статистика бюросы әзірлеген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын назарларыңызға ұсынғанды да жөн көріп отырмыз.Облысқа 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 28783 адам келген (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда) (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 24548 адам), 44412 адам — кеткен (39333 адам), көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы 15629 адамды (теріс) құрады, ал 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 14785 адамды (теріс) құрады.2023 жылғы ІІ тоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 41,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2023 жылғы қыркүйектің соңына 36,1 мың адамды немесе жұмыс күшіне 4,3% құрады.

2023 жылғы ІІ тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 299042 теңгені құрап, 2022 жылдың ІІ тоқсанына қарағанда 12,2% өсті. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 97,5% құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *