Соңғы бес жылда Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі екі есеге артып, 1 триллион теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді белсенді дамыту жоспарлануда.
«Өнімділікті арттырудың жаңа технологиялары енгізілуде, ауыл шаруашылығы кешенінің тиімділігін арттыру жоспары әзірленді. Бізде құрлық жерлерін тиімді игеру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, шикізат секторынан дайын өнім секторына көшу, мақта кластерін дамыту бойынша нақты жоспарларымыз бар. Қайта өңдеу саласында 2023-2027 жылдары 329 миллиард теңгеге 110 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жыл сайын 230 миллиард теңгеге өнім шығарылатын болады. Бүгінгі форум ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ықпал етіп, маңызды жобаларға жол ашатынына сенімдімін», — дейді Дархан Сатыбалды.
Былтыр жыл басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан «Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы және еңбек өнімділігін арттыру» бағытында Отырар ауданына 18 көрсеткіш бектіліп берілгені белгілі. Аталған көрсеткіштердің қаңтар-тамыз айларында «бір алқаптан 2-3 өнім алу», тамшылатып суғару, жылыжай салу және қарқынды бау шаруашылығын дамыту, жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жобалары толығымен орындалды. Атап айтқанда:Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспары 39,1 миллиард теңге болса, қаңтар-тамыз айларындағы статистикалық мәліметке сай 17,6 миллиард (НКИ 91,7 %) теңге болып, 45,0 пайызды құрады. Оның ішінде:Өсімдік шаруашылығы: 6,1 миллиард теңге. Мал шаруашылығы: 11,5 миллиард теңге. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған ивестициялар жоспары 3,7 миллиард теңге болса, орындалуы — 1,5 миллиард теңге (39,6 пайыз).
Егіс көлемін ұлғайту бойынша 36 246 гектар жерге егіс егу жоспарланса, орындалуы — 33 440 гектар немесе 92,3 пайыз. Жоспардың орындалмау себебі, Аққұм ауыл округіне қарасты «Аққұм» ЖШС-нің (үркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қылмыстық іс жүргізуіне байланысты 5000 гектар егіс алқабының 2 200 гектар жері игерілмеген егістік алқабын толық игермеуінен, сонымен қатар ағын су тапшылығына байланысты Д.Алтынбеков каналының аяқ жақ бөлігінде орналасқан Қарғалы ауыл округі Отырар елді мекенінің 600 гектар егістік алқаптарының игерілмеуінен жоспар толық орындалмаған.
«Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы» бойынша 230,0 гектар жерді игеру жоспарланса, жоспар барлық ауыл округінде 100 пайызға толығымен орындалған. Тамшылатып суғару әдісін ендіруге 425 гектар жоспарланып, орындалуы — 435 гектар немесе 102,4 пайыз. Жоспарды Көксарай, Маяқұм, Отырар ауыл округтері мүлдем орындамаған. Жаңбырлатып суғару әдісін енгізуге 770 гектар жоспарланса, орындалуы — 280 гектар, 36,4 пайыз. Жоспарды тек Ақтөбе, Қарақоңыр, Шілік ауыл округі ғана орындаса, қалған ауыл округтерінде бұл бағыт бойынша бірде-бір жоба іске аспаған.
Мұнан бөлек Мыңшұқыр ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің артындағы жол бойы жарықтандырылып, Қоғам ауылындағы Бескепе көшесін орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биылғы жылы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Сондай-ақ, Талапты елді мекеніндегі ауылдық амбулаторияның құрылысына биыл облыстық бюджеттен қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Былтыр аудандағы 5 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу және бірнеше ауыз су нысандарына насос жиынтықтарын сатып алу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Аталған елді мекендердің қатарында Отырар ауылы да қамтылған. Сонымен бірге Қоғам елді мекенінде балалар ойын алаңшасын салу және Отырар елді мекеніндегі ішкі көшелерге аяқ жолдар салу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Талапты елді мекеніндегі Ж.Смайлов және Қарғалы елді мекеніндегі Қарғалы-2 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Отырар ауылындағы «Ауыл- Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Т.Ибрагимов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» жарлыққа қол қойды. Онда «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» делінген. Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет «әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу», республикалық маңызы бар қала, астана әкімі «қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу», аудан әкімі «әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу» өткізуі тиіс. Әкім кездесулерінің «икемді жылдық» күнтізбесі «қажет болған жағдайда» тиісті мәслихаттың келісімімен жыл басында әзірленіп, жыл сайын 20 қаңтарға дейін үкіметке ұсынылуы қажет.
Бұған қоса, әкім «халықтың талап етуі бойынша және қажет болған кезде» халықпен күнтізбеден тыс кездесіп отыруы тиіс болады. Жарлықта әкім кездесуінің регламенті де нақтылана түскен. Енді аймақ басшысы жоспарланған уақыттың «төрттен бірден аспайтын бөлігін» баяндама оқуға арнайды, ал қалған уақытты «сұрақ-жауап» форматында өткізеді. Бұл үшін әкім алдын ала жергілікті қоғам өкілдерінен «халықтың сұрауы мен ұсыныстарын жинау жөнінде комиссия» құрады. «Әкімдік пен әкім аппараты кездесуге мүдделі адамдардың ауқымды аудиториясын, оның ішінде мәслихат депутаттарын, партия, қоғамдық ұйым және оппозиция өкілдерін тартсын» делінген жарлықта.
Жаңа Жарлыққа сай облыс және республикалық маңызға ие қалалардың әкімдері әр 6 ай сайын халыққа атқарылған жұмыстың есебін беріп, тұрғындарды толғандырған мәселелермен жақын танысуға міндетті. Әрі мұндай жиындар көшпелі форматқа ие болып, өңірдегі барлық аудандар мен қалаларды қамтуы керек. Алып шаһардың әкімдері де аудан тұрғындарымен тоқсанына бір рет дидарласады. Одан бөлек, халық талап етсе, әкімдер күнтізбеден тыс кездесулер де ұйымдастырылады. Техникалық мүмкіндікке сай мұндай басқосуларды онлайн режимде де өткізуге болады. Демек, өңір басшысының қабылдауында болу үшін айлап кезек күтудің қажеті жоқ. Ал халықпен кездесулердің жаңашылдық ретінде әкімдіктердің нақты мәселелерге ден қоюын айтуға болады. Яғни, әкімдер бұрынғыдай ұзын сонар баяндама оқып, жұртты мезі етпейді. Тек өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне азғана уақыт шолу жасап өтеді. Мәселен, 2 сағатқа жоспарланған кездесудің 30 минуты ғана әкімнің баяндамасына арналуы керек. Қалған уақытта тұрғындар өңір басшысына көкейде жүрген сауалдарын жолдап, нақты жауап алады.
Жергілікті жердегі өзекті мәселелермен кездесуге дейін арнайы комиссия танысып шығады. Кейін бұл мәселелерді шешудің алгоритмі жасалып, ол БАҚ, әлеуметтік желі арқылы халыққа таныстырылады. Халықпен кездесуден кейін әкімдер жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшыларымен, мәслихат депутаттарымен бірігіп, азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды. Айтпақшы, Жарлықта әкімнің халықпен кездесуіне қатысушылардың аудиториясына байланысты да нақты нұсқау бар. Алдағы уақытта есепті басқосуларда залды бұрынғыдай басшының әр сөзіне бас шұлғып отыратын мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері ғана толтырмайды. Аудиторияның негізгі бөлігін мәслихат депутаттары, партиялар, қоғамдық ұйымдар өкілдері құрайды.