Ғаламтордағы алаяқтарға алданып қалмас үшін не істеу қажет?

Қазір ғаламтор арқылы банк картасынан ақша суырып алатын алаяқтар көбейді.
Қазір алаяқтықтың түрі еселеп дамып кетті. Тіпті ғаламторда отырып-ақ, банк картасынан ақшаңызды суыратын алаяқтар көбейді. Алаяқтардың кез келген нөмірлерді жасай алатынын естен шығармауымыз керек. Сол себепті SMS-хабарлама арқылы жіберілетін нөмірлерге қоңырау соқпай әрі сондағы сілтемеге өтпей, ресми дерекке сенуіміз қажет,-дейді мамандар.
Алаяқтарға алданып қалмау үшін қауіпсіздіктің мынадай қарапайым ережелерін есте сақтау қажет:
— Төлемдер туралы ақпаратты әрқашан банктердің, мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан тексеріп отырыңыз;
— Өзіңіздің жеке және банктік деректеріңізді, әсіресе картаның оның жарамдылық мерзімін және арғы бетіндегі үш таңбалы санды күмәнді сайттарда жарияламаңыз;
— Ақша туралы әңгіме қозғайтын бөтен адамдардың қоңыраулары мен хабарларына сенбеңіз;
— Төлем картасындағы 3D-Secure функциясын өшірмеңіз.
— Барлық транзакцияларды көріп отыру үшін мобильді қосымшадағы SMS және push-хабарламаларды қосып қойыңыз;
— Электрондық поштаға және мессенджерлерге жіберілген белгісіз файлдарды ашпаңыз;
— Алаяқтардың сайттарына өтуге мүмкіндік бермейтін вирусқа қарсы сенімді бағдарламаны орнату қажет;
— Ақшалай қаражатыңызды ұрлаған жағдайда, құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгініңіз.
— жасанды интеллектті пайдалану арқылы банктердің қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар;

— әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларда тауарлар мен қызметтерді сату;

— фишингтік сайттарды пайдалану;

— криптовалютаға, бағалы қағаздарға және т.б. инвестициялау;

— What’sApp мессенджеріне заңсыз қол жеткізу.

Түркістан өңірі тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Астана қаласы полиция департаменті мен әкімдік қызметкерлері бірлесіп волонтерлік қозғалыстарды тарта отырып, тұрақты негізде іс-шаралар мен акциялар өткізеді.

Бүгінге дейін интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау туралы түсіндірмелері бар буклеттер мен жадынамалар тарату бойынша акциялар ұйымдастырылып, оқу, медициналық мекемелерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда дәрістер өткізіліп келеді. Жерге трафареттер салынып, сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, базарларда, супермаркеттерде аудио таратылып, қалалық автобустарда аудио-бейнероликтер көрсетілуде және әлеуметтік желілерде профилактикалық сипаттағы материалдар таратылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *