Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жиын Отырар ауданында да болды

Қаржы саласында сауатты адам – экономикалық процестерді жетік білетін, акция сатып алу үшін күн сайын көптеген ақпаратты талдайтын, бухгалтерлік есеп машығын білетін, жоғары математикада білімі бар адам деген пікір қалыптасқан.

Жоғарыда көрсетілген машықтардың барлығы маңызды екендігі шындық. Жеке қаржылық сауаттылықты арттыруды бастау үшін бірнеше машықтарға ие болу да жеткілікті.

Ең алдымен, сіз өзіңіз пайдаланатын қаржылық құрал-саймандарды бағалауды жүргізіңіз. Сізде жалақы алатын, кредитті, коммуналдық қызметтерді төлейтін банктік карточка бар екендігі анық.

Ал енді сіз мұндай қаржылық құрал-саймандардың жұмыс механизмін қаншалықты түсінетіндігіңіз туралы сұрақ қойыңыз. Оларды пайдалану үшін қанша төлейтіндігіңізді түсінесіз бе? Баламалы және тиімді тәсілдер туралы білесіз бе?

Тұрақты негізде қаржылық сауаттылық саласындағы ақпаратты өзіңізге ыңғайлы нысанда зерттеңіз. Мысалы, интернеттегі, радиотрансляция немесе подкасттар, видеолар. Сіз алынған ақпаратты практика жүзінде пайдалана аласыз. Мысалы, отбасылық бюджетті жүргізу туралы ұсынымдар. Арнайы мобильді қосымшаны (қазіргі кезде тегін ондаған астам қосымшалар бар) таңдап, бюджетті қаражатты мұқият бақылау мен есепке алу позициясынан жүргізіп көріңіз.

Егер ақшамен бұған дейін жүргізбеген операцияны жасауды немесе жаңа қаржылық өнімді (кредит карточкасын алу, қаражатты пайыздарды капиталдандыру қарастырылған салымды ашу) пайдалануды жоспарласаңыз, мұндай құрал-сайман туралы ақпаратты алдын ала жинаңыз. Түрлі қаржылық-кредит ұйымдарынан бірнеше ұсыныстарды салыстырып, банк маманынан консультация алыңыз.

Сіздің қаржылық сауаттылық саласында сауаттылығыңызды арттыру үшін біз Қазақстандағы Solva тобы жеке жобаны жүзеге асырдық. Оның негізгі мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру (тиісінше қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру).Елімізде алаяқтардың, пирамида құрушылардың, онлайн қаржы ойындарының көбейіп кетуі ел билігін алаңдатып отыр. Мамандар халықтың қаржылық пирамидалардың құрығына түсуіне олардың блогерлер мен танымал адамдардың жарнамасына сеніп қалуы да себеп дейді. Сондықтан қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі, сонымен бірге прокуратура мен құқық қорғау органдары қаржылық алаяқтыққа қарсы күресті күшейте бастады.

Отырар ауданыдағы Жамбыл Жабаев мектебінде мектеп мұғалімдерімен Экономикалық бақылау агенттігінің арнайы маманадары жүздесті. Бас қосуда интернет желілері арқылы алаяқтықпен айналысатын сайттармен астыртын топтардың аттары нақты аталды. Мамандар жыл қортындысына бойынша алаяқтардың арбауына түскендердің саны артып келетінін айтады.

Түркістан облысында қаржылық пирамидаларға қаржы құятындардың қатары қалың. Салымшылардың 90 пайызы қыз-келіншектер. Сәйкесінше жиылғандардың арасында да әйел мұғалімдер басым. Ұстаздарға қаржылық пирамида, интернет алаяқтардың алдын алу, ақшаны қайда сақтау керектігі жіті түсіндіріліп, әр мұғалім оқушылардың ата-аналарымен дәл осы тақырыпта ашық сабақ өткізу керектігі міндеттелді.

Арнайы топ облыс көлеміндегі барлық аудандарды қамтуды жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін түркістанға жақын орналасқан ең жас аудан сауран ауданында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *