ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға 132 миллиард 265 миллион теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық. Өңірдегі инвестиция тартудағы алдыңғы қатардағы көшті өнеркәсіп саласы бастап тұр. Бұл жайында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов брифингте мәлімдеді.
«Биыл 1 сәуір күнгі дерекке сәйкес, Түркістан облысының халық саны 2 145 213 адамға жетіп отыр. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында 13 197 бала туылып, республика көлемінде көш бастады. Сонымен қатар, аталған кезеңде 2 946 неке тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 6,9%-ға арқан. Сондай-ақ, жыл басынан бері облысқа өзге өңірлерден 11 214 адам қоныс аударса, басқа өңірлерге көшкендер саны 17 011 азаматқа жеткен»- деді Нұрқожа Ермекұлы.
Сонымен қатар, спикер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының «Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау» және «Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау» баптарына өзгерістер енгізілгенін жеткізді. 2023 жылы Түркістан облысының экономикасына 972 млрд. теңге тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар 705,1 млрд. теңге болса, бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге. Өсім динамикасы бойынша облыс республикада 3 орында тұр. Үкіметпен бекітілген жоспар (908,2 млрд. теңге) 107%-ға орындалды. Аталған саладағы көрсеткіштер мен жоспарлар Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жандандыра түсіп, жаңа өндіріс және жұмыс орындарын ашу маңызды екенін жеткізді.Облыста шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылыоң өсімге қол жеткізілді. Өңірде 207 мыңға жуық шағын және орта бизнес жұмыс істейді. Кәсіпкерлер саны бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін 3 орында тұр. Кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 27,5%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жетті. Бұл – 9 айдың көрсеткіші, 12 ай нәтижесімен 1,6 трлн. теңгеге жетеді деп болжанып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *