Облыс әкімінің орынбасары Н. Көшеровтың төрағалығымен «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы бойынша өңірлік жобалық кеңсенің жұмыс кестесін бекіту туралы кеңес отырысы өтті.
Жобалық кеңседе азаматтардың проблемалық берешегін реттеу, банкроттыққа өтініш беру, жұмысқа орналасу, бизнес бастауға жеңілдетілген кредиттер алу бағдарламаларына қатысу және бизнес-жоспарлар жазу мәселелері бойынша кеңес беру мақсатында Аманат партиясының, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, полиция, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «Ырыс» ЖШС-нің және облыстық басқармалар қызметкерлері бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес консультация берілетін болады.
Жобалық кеңсесі Түркістан қаласы, Қожанов көшесі 42 мекен-жайындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимаратында орналасқан.
Еске салсақ, Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру барысы талқыланған еді.
Аталмыш жоба былтыр мамырда Қазақстанның 8 өңірінде басталды. Ол азаматтарға білікті қаржылық және құқықтық көмек көрсетуді, халықтың қаржылық сауатын арттыруды, азаматтарға банктік қарыздар мен микронесиелер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесуді көздейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында жобаның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Қазір жоба барлық облыстарда, сондай-ақ республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында іске асырылып жатыр. Жұмысқа 11 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы қосылды.
AMANAT партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, жыл басынан бері 43 мыңнан астам адам оқудан өткен. Олардың 81%-ы – ауылдар мен ауылдық округтердің тұрғындары. Жобаға қатысушылар сарапшылардың дәрістерінен бөлек, enbek.kz порталында тіркелу мен жеке кәсіпкерді ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін құру бойынша кеңес алып жатыр.талмыш жоба былтыр мамырда Қазақстанның 8 өңірінде басталды. Ол азаматтарға білікті қаржылық және құқықтық көмек көрсетуді, халықтың қаржылық сауатын арттыруды, азаматтарға банктік қарыздар мен микронесиелер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесуді көздейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында жобаның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Қазір жоба барлық облыстарда, сондай-ақ республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында іске асырылып жатыр. Жұмысқа 11 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы қосылды.
AMANAT партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, жыл басынан бері 43 мыңнан астам адам оқудан өткен. Олардың 81%-ы – ауылдар мен ауылдық округтердің тұрғындары. Жобаға қатысушылар сарапшылардың дәрістерінен бөлек, enbek.kz порталында тіркелу мен жеке кәсіпкерді ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін құру бойынша кеңес алып жатыр.