ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ЖАСАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және есептеу әдісіне сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реформалауды жалғастыруда. Осы орайда жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында ҚР Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары Г.Қ. Есенгалиева және бас сарапшы Д.Ж. Жаскенова Түркістан облысында іс-сапарда болып, Түркістан облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының, аудан, қалалық экономика және қаржы бөлімдерінің жауапты мамандарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесу барысында бюджеттің кіріс бөлігін есепке алудың жаңа тәртібі белгіленгендігі, осыған байланысты қаржылық есептіліктің жаңа нысандары бекітілгендігі аталды. Сондай-ақ, есептік процестердің объективтілігі мен ашықтығы, қаржылық есептілікті жасау және мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылатын қаржылық операциялар туралы көптеген ақпараттар берілді.
Осыған сәйкес, облыс бойынша бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мақсатында, бюджеттің кіріс бөлігін есепке алудың жаңа тәртібін ескере отырып, жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша тиісті нормативтік-құжаттарға сәйкес 2018 жылдық қаржылық есептілікті Е-Минфин бағдарламасы арқылы облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасына тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.
Еске салсақ, Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру барысы талқыланған еді.
Аталмыш жоба былтыр мамырда Қазақстанның 8 өңірінде басталды. Ол азаматтарға білікті қаржылық және құқықтық көмек көрсетуді, халықтың қаржылық сауатын арттыруды, азаматтарға банктік қарыздар мен микронесиелер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесуді көздейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында жобаның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Қазір жоба барлық облыстарда, сондай-ақ республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында іске асырылып жатыр. Жұмысқа 11 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы қосылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *