Түркістан: «БОРЫШКЕР» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Түркістан облысы аумағында 2024 жылдың мамыр айының 20-24 күндері аралығында «БОРЫШКЕР» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осыған байланысты жергілікті сот орындаушылары мен Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп, рейдтік шара ұйымдастыруда. Сот орындаушылар темір тұлпар тізгіндеушілерді арнайы қаулымен таныстырып, қарызын ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру мәселесін түсіндіруде. Берешегін өтмеген және өтеуден жалтарып жүрген тұлғалардың көлігі айыптұраққа жабылады.
Осы ретте аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақтылы, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде 50 % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100%-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеміз.
Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында Сот орындаушыларға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығын хабарлайды. Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Жеке сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша бүгін де біршама шектеу жұмыстары жүргізіледі, яғни шет елдерге шығуға шектеу қою, мүліктеріне шектеу қою сияқты.
Егер де, Сіздің тарапыңыздан айыппұлдар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Бәйдібек АПБ ӘПБ-нен толық біле аласыздар.электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде «egov.kz». Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшаларда интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем жасау qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz. айыппұлдарды интернет-сайт арқылы тексерген кезде Сіз «өз айыппұлдарың туралы біл» бетбелгісіне кіресіз, одан кейін көлік иесінің ЖСН-ін енгізіңіз және фото-бейнетіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, сол жерде осы бұзушылықтардың фотосуреттерін басып шығаруға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *