ШЫМКЕНТТІК САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігі тапсырмасымен»Ел Тірегі-2019″  акциясы аясында өз жалғасын табуда.  Әскер қатарын толықтыратын болашақ жас сарбаздарды «Әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу» — рәсімін   Шымкент қаласы Абай және Әл -Фараби аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы ұйымдастырып өткізген болатын. Аталған іс-шараға ҚР Карулы Күштері және Ауған соғысы ардагерлері, ауданға қарасты  № 4,5,18 және 23 жалпы орта мектептерінің әскери~патриоттық клубтары мен Жас сарбаз сыныбының оқушылары тартылды. Іс~шарада БАҚ-да болып, Шымкент қаласының телеарналарынан көрсетілді. Бұл іс-шараның мақсаты келешек жас буынның әскерге деген көз-қарасын дұрыс бағыттау, Отанымызға деген сүйіспеншіліктерін ояту болып табылады. Іс-шараға Шымкент қаласы мәдениет басқармасының әншілері келіп, патриоттық әндерін орындап өз өнерлерін ортаға салды. Сарбаздардың ата-аналары да өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді. Шымкент гарнизонына қарасты әскери оркестр, ту алып шығушылар, Жас ұлан мектебінің тәрбиеленушілері, ӘТМ сарбаздарына, мектептің әскери-патриоттық клубтарының оқушыларына басқарма бастығы өз алғысын айтып ортақ Отанымыз-Қазақстанның патриоты болуға шақырды! Аспанымыз ашық болашағымыз жарқан болсын!,-деген тілектерін жеткізді.
З.Құсайынова
Шымкент қаласы Абай және Әл-Фараби аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының өкілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *