ӘСКЕРДЕГІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Жоғарғы Бас қолбасшының Қарулы Күштерге жүктеген негізгі міндеттердің бірі. Оны жүзеге асыру заңдылық пен әскери тәртіпті қатаң сақтау жағдайында ғана мүмкін болады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, форма киген тұлғалар мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіпқойлығымен ерекшеленуі тиіс.
Осы мақсаттарға жету үшін соңғы 10 жыл ішінде әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары әскердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыс жасап, бірқатар бағдарламалар аяқталып, бірлескен жұмыстар үйлестірілді. Ең бастысы ол түбегейлі нәтижеге бағытталған жүйелік сипатқа ие.
Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын мұқият анықтай отырып, қалыпты және жедел әрекет ету нормаға айналды. Бұл құқық бұзушылықтарға бірегей төзбеушілік жағдайын құруға және әскери қызметшілердің құқықтық санасын арттыруға мүмкіндік берді. 
Бірлесе отырып, бейнебақылау, сенім телефондары, анонимді сауалнама, кенеттен дене тексерулерді жүргізу, көшпенді сот отырыстары, «Прокурор сағаты» сабақтарында жаңашылдықтар мен ұрандарды қабылдау жүйелері енгізілді. 
Осы жұмыс аясында командирлерге қажетті әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілуде.
Осы орайда, әскери қызметшіге арналған «Жауынгерлік Дос» жадынама мен қорғаныс ведомствосы әзірлеген «Бағынысты әскери қызметшілердің өзіне-өзі қол сұғушылық мінез-құлқының алдын алу бойынша бөлімше командирлерінің жұмыс алгоритмі» атты әдістемелік құрал өздерінің тиімділігін көрсетті. 
Ұлттық ұлан мерзімді әскери қызметке шақырушылар арасында суицидті алдын алуға бағытталған «Тегін қолдар» жобасын сәтті жүзеге асыруда. 
Сонымен қатар, қабылданып жатқан шаралар қылмыстың болжамды төмендеуін қамтамасыз етпегенімен, әскери тәртіпті едәуір күшейтеді.
Бұған көбінесе алдын алу қызметіндегі формализм мен баяу қимылдаушылықтың едәуір дәрежеде ықпалы тиюде.  
Біздің ойымызша, бұл жұмыстың әлсіреу себептерінің бірі төменде жатыр.
Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік қағидатын қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысымен 2017 жылы 13 маусымда «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заңға толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, Заңға осы бағытта жұмыс атқаратын әскери басқару органдарының құзіретін қарастыратын 9 және 2-бабы енгізілді. 
Әскерде тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және насихаттау жұмысымен қатар, әскери басқару органдарына алғаш рет құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және осы әрекетте үйлестіру жұмысын ұйымдастыру құзыреттілігі жүктелген.
Одан бөлек, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша азаматтармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруды, оларды көтермелеу түрі мен ретін анықтауды қамтамасыз ету тапысырылған.
Алайда талдау нәтижелерінде көрсетілгендей, Заңның жаңа талаптарын іске асыру бойынша ешқандай құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар қабылданбай отыр.
Осыған байланысты, әскери ведомстволар үшін Заң талаптарының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету маңызды.
Оны дұрыс қолдану әскери тәртіптің жағдайын бұдан да жоғары деңгейге көтеріп, басшылық пен уәкілетті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз.
Сонымен қатар, қоғамдағы жедел процестер мен жүйелі қайта құрулар құқық бұзушылықты алдын алудың жаңа әдістері мен тәсілдерін енгізуді қажет ететінін атап өткен жөн.
Жаңалық ретінде, әр гарнизонда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ командирлер мен жеке құрамға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсететін заңды активтер кеңесін құру мәселесін қарастыру ұсынылады.  
Бұл жерде ескерту және алдын алу іс-шараларын жүргізуде басшылықтың, прокуратураның, құқық қорғау блогының және соттың күштерін біріктіру қажет.
Бұл шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыруға, әскери қызметшілер мен олардың отбасының көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін еді деп санаймыз.
Шешілуге тиісті тағы бір мәселелердің бірі – құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігі.
Өздеріңіз білетіндей, ақпараттар мен түрлі баяндамаларда көбіне тек жеке құраммен өткізілген іс-шаралар, сабақтар, дәрістер мен әңгімелердің саны жөнінде айтылады.
Алайда олардың тиімділігі туралы біз төтенше жағдайдан кейін қорытынды жасай бастаймыз.
Сондықтан да қабылданған шаралардың сапасы мен тиімділігіне сүйене отырып, әскери тәртіпті нығайту бойынша қызметті бағалау критерийлерін әзірлеуді қарастыруға болады деп санаймыз.
Қорытындылай келе, біз әскердегі құқық бұзушылықтың алдын алуды, оның жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуді жетілдіру қажеттілігін атап өтеміз.
Бұл міндеттің орындалуы, әскердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік дайындығын нығайтуға ықпал ететіндігі күмәнсіз.

Шымкент гарнизонының
әскери прокуроры
әділет полковнигі        Арман Қапезов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *