Өнеркәсіп – Қазақстан экономикасының басым бағыты, оның дамуына көлік ықпал етеді. Қызмет көрсету рөлін атқара отырып, логистика жүйесіне кіретін теміржолдар ел экономикасына жұмыс істейді, деді бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.
«Қазір бізде әртүрлі өнім түрлеріне тарифтердің 11 түрі бар, атап айтсақ: әлеуметтік маңызы бар тауарлар, көмір тасымалдау, астық тасымалдау және басқалары. Біздің тарифтер көрші мемлекеттерге қарағанда шамамен 2 есе төмен екенін айта кеткен жөн», — деді Роман Скляр.
Бірінші вице-премьер «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнынан артық табыс алу күтіліп отырмағанын және мемлекет өз тарапынан «ұзақ мерзімге несиелер», тікелей бюджеттік қаржыландыру, жеке салымдар арқылы теміржол инфрақұрылымын инвестициямен қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Дегенмен, теміржолдар өзін-өзі қамтамасыз етуі керек және бұл теңгерімді сақтау маңызды.Экономикадағы өңдеу секторының үлесі 12,3%-ды құрайды, бұл ТМК үлесімен тең келеді
Қазақстан Үкіметінің алдында 2024 жылдың соңына дейін өңдеу өнеркәсібінің 6% өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл ретте ЖІӨ-дегі осы сектордың үлесі 12,3%-ды құрап, бүгінде ол тау-кен металлургия кешенінің (12,6%) үлесіне тең келеді.
Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында экономиканы одан әрі әртараптандыру және өңдеуші сектордағы өсімді қамтамасыз ету жоспарлары туралы мәлімдеді.
«Қолданыстағы кәсіпорындар жұмыс істеуі керек, өз өндірістерін қайта инвестициялап, шығарылатын өнім көлемін арттыруы тиіс. Сондай-ақ елімізде жаңа инновациялық кәсіпорындар пайда болуы қажет. Елімізге инвестиция салу үшін шетел капиталын тартуымыз керек. Өндірілетін өнім экспортқа да шығатын болады», — деді Роман Скляр.
Бірінші вице-премьер өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургия кешеніндегі бүгінде технологиялық өсімнің жоғары деңгейін көрсетіп отырған кәсіпорындарды атап өтті. Олардың қатарында жаңа үлгідегі жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған Алматы желдеткіш және Кентау трансформатор зауыттары және басқа да зауыттар бар. Өнімдер әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.