Департамент басшысы Ө. Балажанов Қазығұрт ауданында іссапарда болып, аудан әкімі А. Исмаиловпен бірге ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
Кездесуде, бүгінгі мемлекеттік қызметтің жай-күйі мен мемлекеттік қызметтегі соңғы өзгерістер және қабылданып жатқан шешімдер туралы ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, Департамент басшысы мемлекеттік қызметшіге жүктелген міндеттер көп, бірақ БАҚ-та, әлеуметтік желілерде айтылатын сын пікірлерде жоқ еместігін айта келе, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табалатынын жеткізді.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынаста өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлықтарымен сынға себепкер болмауы, қызметтік көліктерді нысаналы мақсатта пайдалану, діни сенім, нанымдарын білдірмеу, лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу керектігін түсіндірді.
Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің әдебіне қатысты жарияланған сын пірілерге Әдеп жөніндегі уәкілдер заңнамаларға сілтеме жасай отырып, БАҚ өкілдерімен немесе әлеуметтік желілерде керіс байланыс орнату қажеттігіне де тоқталды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін бағалау қорытындысымен қабылданатын шешімдер, «е-қызмет» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілдері жайында айтып, облыста жүзеге асырылып жатқан өңірлік кадр резерві туралы ақпараттармен бөлісті, тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейту қажет деді.
Сонымен қатар, кездесуде Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Амандық қатысушыларға Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2024-2025 оқу жылы қабылдау жүріп жатқанын айтып, мемлекеттік қызметшілерге берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалуға шақырды.
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсынан өтуші мемлекеттік қызметшілерге Түркістан қаласындағы Департаменттер үйі ғимаратында орналасқан «Мемлекеттік қызмет» музейі таныстырылды.
Департаменттің бастамасымен ашылған «Мемлекеттік қызмет» музейінде облысты басқарған әкімдер жайлы ақпараттар, бұрын мемлекеттік қызметте қолданылған кеңсе құрал-жабдықтары, баспа машинкалары және ескі заң жинақтары қойылған.
Аталған музейді ашудың мақсаты – техниканың артта қалған уақытында жұмыс жасаған аға буынның жұмыс барысымен және оның қиындықтары туралы салыстыра отырып, жастарға қазіргі таңдағы мемлекеттік қызметтің маңыздылығын жете түсіндіру болып табылады.