АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазығұрт ауданына іссапарға барған Департамент басшысы Ө. Балажанов Қазығұрт ауылдық округі әкімі аппаратының қызметшілерімен арнайы кездесті
Жалпы, Қазығұрт ауылдық округінде 26 мың халық болса, мемлекеттік қызметшілердің саны 15 құрайды.
Кездесуге барған Департамент басшысы округ әкімі аппаратының жұмысымен танысып, ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметшілер халықпен тікелей жұмыс жасайтынын, осы орайда қызметші өзінің мінез-құлқымен сынға ұшырамау, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде құқыққа сыйымсыз уәделер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне жол бермеу керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі соңғы өзгерістер бойынша ақпараттармен бөлісіп, округ аппаратында ұзақ жылдар еңбек еткен тәжірибелі аға буын мамандар мен жастар арасында сабақтастық орнауы қажеттігін айтты.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру бағытында игі істер атқарған, ерлік көрсеткен немесе ұзақ жылдар еңбек еткен мемлекеттік қызметшілер туралы арнайы сюжеттер дайындап, ақпарат ретінде халыққа жеткізу жұмыстары жүруі тиіс деді.ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Департамент басшысы Ө. Балажанов Қазығұрт ауданына барған іссапарында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, оларға мемлекеттік аппаратқа ойы озық, білімді жастарды тарту бойынша елімізде жүзеге асырылып келетін жобалар жайында сөз қозғады.
Солардың бірі өңірімізде алғаш рет өткізіліп жатқан Өңірлік кадр резерві және осыған дейін өткен Президенттік жастар кадр резерві екенін айта отырып, аталған резервтерді жасақтаудың негізгі мақсаттары мен олардың нәтижесі бойынша резервшілерге берілетін мүмкіндіктерді түсіндірді.
Жастармен кездесуде Департамент басшысы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу тек заңдарды білумен шектелмейді, ол үнемі ізденісте болып, ылғида өзін дамытып отыруды және адал ниетті, әділ, қарапайым болуды талап ететінін баса айтты.
Сонымен қатар, жастарға мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста құқыққа сыйымсыз уәде бермеу бағытында түсіндірмелер беріп, оларды мемлекеттік қызметте таза, адал қызмет етуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *