Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жылдың 7 маусымында Департамент жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Жиынға Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының м. а. С. Маликов, Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Қ. Абдураимов және аудан, қала әкімдерінің аппарат басшылары онлайн қатысты.
Жұмыс тобының отырысында ҚР Бас көлік прокуратурасының талабы негізінде Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінде және Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері қаралды.
Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органдармен ұсынылған есептердің сәйкессіздіктері туралы талдау қорытындысы баяндалды.
Департаменттің ұйымдастыруымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті және оған қарасты 17 аудан, қаланың Статистика басқармалары қызметшілерімен онлайн кездесу өткізілді.
Кездесуде Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Жұматай Әдеп кодексі нормаларын, жұмыс уақыты режимін, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді, ойын мекемесіне барудан бас тарту туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, семинар-кеңесте сөз алған Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н. Амандық мемлекеттік қызмет саласында қабылданған соңғы оң өзгерістерді айтты.
Бұдан басқа, мемлекеттік өткеру мәселесіне қатысты қызметшілердің жеке істеріне қатысты құжаттардың, олардың тәртіптік жазалары туралы ақпараттардың «е-қызмет» жүйесіне толық енгізілуі қажеттігін, қызметшілерді жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде меритократия қағидатын қолдану, олардың біліктілігін арттыру бойынша өзге мемлекеттік органдарға, квазисекторларға тәжірибе алмасуы үшін тағылымдамаға жіберу практикасын қолға алу маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2024-2025 оқу жылына құжаттар қабылдау жүріп жатқанын айтып, оқуды аяқтаған қызметшілерге мемлекеттік қызмет заңнамасында қарастырылған мүмкіндіктерді түсіндірді.