Департамент басшысы Ө. Балажанов Сарыағаш ауданына жасаған іссапарында 8 мыңнан астам халқы бар Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратында болып, онда жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарымен танысты, пікір алмасып, ой бөлісті.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер жайында ақпараттарды айта келе, мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне жол бермеу керектігін түсіндірді.
Сарыағаш ауданының жас мемлекеттік қызметшілерімен өткен кездесуде Департамент басшысы Ө. Балажанов жастар үнемі ізденісте болуы қажет, әрбір жас маман өзінің алға қойған жоспарларына жету үшін ылғи да өзін дамытып отыру қажеттігін айтты.
Себебі, қазіргі уақытта мемлекеттік аппаратқа әр түрлі саладан білімді, білікті, бәсекеге қабілетті жастарды тарту бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен Президенттік жастар кадр резервін, сондай-ақ өңірлерде Өңірлік кадр резервін қалыптастыру жобалары іске асуда деді Департамент басшысы.
Бұдан басқа, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау жүріп жатқанын айтып, оны жақсы нәтижемен аяқтағандарға мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес белгілі бірқатар лауазымдарға тағайындалу бойынша мүмкіндіктер қарастырылғаны жайында ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын және еңбек тәртіптерін қатаң сақтау, қандай да бір сынға ұшырамау, азаматтармен қарым қатынаста құқыққа сыйымсыз уәделер бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Сарыағаш ауданында іссапарда болған Департамент басшысы Ө. Балажанов ауданның мемлекеттік қызметшілеріне Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі қызмет бағыттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің облыстағы бүгінгі жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісті.
Сөз арасында кейбір салалық мемлекеттік органдарда (медицина байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, Медициналық және фармацевтикалық бақылау, Денсаулық сақтау салаларында және есепші мамандықтар) қажетті мамандардың тапшылығы бар екенінде атап өтті.
Кездесуде Департамент басшысы мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі ашықтық, осы бойынша Президенттің тапсырмасына сәйкес Агенттік мемлекеттік қызметке кіру және одан шығуды оңтайландыру бойынша мемлекеттік қызмет заңнамаларына өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар шаралар қабылдағанын айтты.
Солардың бірі, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілі «е-қызмет» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны, ондағы кандидаттарды іріктеу жүргізудің ерекшеліктері, жоғарғы оқу орындарын үздік бітірген түлектердің мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдануы.
Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер көпшілік алдында сөйлеу кезінде Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және осы кодекске сәйкес діни көзқарасын білдірмеу керектігін, Әдеп жөніндегі уәкіл институты тиісінше жұмыстарды үнемі жүргізіп отыру қажеттігіне де тоқталды.
Бұдан басқа, кездесуде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау, олардың жұмыстары бойынша блоктарға бөлу, мемлекеттік қызметшілерді ауысу тәртібімен тағайындау сияқты бірқатар мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамалардың нормаларынан түсіндірмелер берілді.
Кездесу соңында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Амандық 2024-2025 оқу жылына қабылдау жүріп жатқан Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалу бойынша ақпараттармен бөлісті.