Тауарлардың заңсыз айналымын анықтау бойынша бақылау шаралары жүргізілді.

Қзақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдары үшін экономикалық саясат жолында мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру және халық үшін зиянды әрі қауіпті тауарлардың заңсыз өткізілуіне қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету – басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Осы ретте 2024 жылдың бес айында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен тауарлардың бақылаусыз әкелінуі мен әкетілуі бойынша жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде құқық бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда жанар — жағармайға қатысты тыйым салу бойынша департаментінің кеден бекеттерімен анықталған мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 89 фактісі анықталып, 2 383 литр бензин мен 11 290 литр дизель отыны сотпен тәркіленді.

Нәтижесінде 4 млн. теңгеден астам айыппұл салумен мемлекет пайдасына өндірілді.

Сонымен қатар, акцизделінетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтауда жалпы саны 91 факт (алкоголь, темекі) бойынша заң бұзушылық анықталып, анықталған деректерге сәйкес сот арқылы салынған айыппұлдар сомасы 4,2 млн. теңгені құрады. Оның ішінде:

— алкоголь өнімі бойынша 74 фактпен 19051 шөлмек (10635 литр) тәркіленіп, 2,7 млн. теңге айыппұл салынды.

— темекі өнімі бойынша 17 фактпен 12363 қорап (247260 дана) тәркіленіп, 1,5 млн. теңге айыппұл салынған.

Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарға қатысты тыйым салу, Департаментпен тұрақты түрде бақылауға алынып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы М.Көкенов Төлеби ауданына қызметтік іс сапармен барып, мәжіліс өткізді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Құралбаев, аудандық мәслихат депутаттары, қала/ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің қатысты.

Жиын барысында 250.00, 270.00 нысандағы декларацияны толтыру мен тапсыру тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары ауданның «Біркөлік « және « Қасқасу» елді мекендерінде орналасқан демалыс орындарында жалғасын тауып, онда түгендеу жұмыстарын жүргізу, салық төлеушілердің қаржылық есептеріне зерттеу, салықтарын төлету, салық есептіліктерін тапсырту, талдау жұмыстарын жүргізу және рейдтік іс-шара жұмыстарын ұйымдастыру талқылады.

Алдағы уақытта мұндай кездесулерде салықтық түсіндірме жұмыстары өз жалғасын таба бермек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *