САРЫАҒАШ : АУДАН БАСШЫСЫ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Бәйтерек көшесінің бойында балалар ойын алаңшасы және спорт алаңшасының құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты.

Мердігер мекеме тарапынан балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары бойынша жүргізілуде. Кіші спорт алаңшасының құрылыс нысаны қоршалып, 2 дана жарықшамдар мен 6 дана паркке арналған жарықшамдар қойылған. Сонымен қатар, 2 дана қақпа орнатылып, футбол алаңын жоспарлау жұмыстары жүргізілуде және балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан басшысы Сарыағаш қаласына қарасты Қалаубаев көшесінде салынып жатқан балалар ойын алаңшасы орнату жұмыстарының барысын саралады.

Бүгінгі таңда, балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, мердігер мекеме тарапынан қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан ауда әкімі:

– Еліміздің келешегі – бүгінгі ойын балалары. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасып, сұранысын қанағаттандыруға тиіспіз. Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және біздің тарапымыздан балалардың жан-жақты қауіпсіздігі де ескерілуі қажет, – дей келе, алаңшаға орнатылған ойын элементтерімен әткеншектің сапасы бойынша жауапты сала басшысына және мердігер мекеме өкіліне бірқатар ескертулер беріп, балалардың қауіпсіздігі үшін алаңшаға қоршау жұмыстарын жүргізуді, құрылыс жұмыстарына сапалы материалды пайдалануды тапсырды.

Сонымен қатар, балалар ойын алаңшасы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға мүмкіндік беретінін,осы орайда балалар қауіпсіздігі басты назарда болу қажет екенін жауапты сала басшысына ескертті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *