Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі көтерілді. Осы ретте мемлекеттік сатып алу саласын реттеу, фармацевтика саласын дамыту бағытында бірқатар міндет белгіленді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер қойнауын пайдаланушылардың, квазимемлекеттік және мемлекеттік сек¬тор¬дың сатып алу саласындағы жергі¬лікті өнімдер мен қызметтердің үлесін 60%-ға жеткізу туралы тапсырмасы бо¬йынша Үкімет жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде бірқатар салада оң нәти¬же байқалады. Бұл ретте им¬порт¬тың тұрақты түрде қысқарып келе жат¬қанын және өндіріс көлемінің артуын атап өтуге болады. Мәселен, өңдеу өнер¬¬кә¬сібінде әкелінетін өнім көрсеткіші 7%-ға төмендесе, отандық өндіріс көлемі 4%-ға артты. Машина жасауда, металл бұйым¬дарын, қағаз өнімдерін өндіруде сыртқы жеткізілімдерге тәуелділік төмендеді.
«Қазір экономикасы қарқынды дамы¬ған көптеген мемлекет ішкі нарықты қол¬дау және қорғау саясатын белсенді жүр¬гізіп жатыр. Халықаралық валюта қо¬ры мұндай қорғау шараларының жар¬ты¬сына жуығы Қытай, Еуропалық Одақ және АҚШ экономикаларына тиесілі екенін атап көрсетті. Қазақстан әлем¬дік тәжірибені ескеріп, импорттық тауарлардың үлесін төмендетуге және өз өндірушілерін қолдау шараларына кеңінен басымдық беріп отыр. Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Біз қашанда отандық өнді¬рушіні қолдаймыз. Бұл – әрбір әкім¬нің, әрбір салалық министрдің мін-деті. Ол тек сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс», деп атап өтті О.Бектенов.
Ішкі нарықты қолдау жөніндегі шаралар заңнамалық деңгейде бекітіледі. Президент сатып алу рәсімдерін жүр¬гізу кезіндегі талаптарды қатаңдататын «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңға қол қойды. Бұл ретте бүгінде сатып алу сапасын бақылауды одан әрі күшейтуді көздейтін түзетулер Мә¬жіліске енгізілді. Өзгерістер жаңа тетік – отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін енгізуді көздейді. Бұған өнім шығарып отырған, өндірістік қуаты жетерлік, одан әрі дамуға әлеуетті, жос¬пары нақты кәсіпорындар кіреді. Бұл платформаны құрудың негізгі мақсаты – еліміздің негізгі өндірістерін жүйелеу және отандық бизнесті қорғау. Тізілімге енген кәсіпорындар мемлекеттік қолдау шараларын басым тәртіппен алады. Оларға өндірісті жаңғырту, бәсекеге қ¬а¬білеттілікті арттыру, жалақыны өсіру бойынша қарсы міндеттемелер қойы¬лады. Компаниялардың қызметін бақы¬лау онлайн режімде цифрлық скри¬нинг негі¬зін¬де жүзеге асырылады. Бұл сыбайлас жем-қорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкін¬дік береді. Мониторинг салық және кеден қыз¬меттері, еңбек инспекция¬лары және басқа да ведомстволар тарапынан жүргізіледі.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы Өнеркәсіп және құры¬лыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады. Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету аясында жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия, металлургия салаларындағы және қағаз, жиһаз, құрылыс материалдарының 4 201 тауа¬рына мемлекеттік сатып алу¬да басым¬дық беріліп отыр. Бүгін¬де атал¬ған тауарлар бойынша отан¬дық өн¬дірушілерімен жасалған келісімшарттар саны 1,4 есеге өсіп, 106 млрд теңгені құрады. Ең үл¬кен өсім химия, машина жасау, жеңіл өнер¬кәсіп, қағаз өнімдері бойынша байқалды.
«Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шаралары өз тиімділігін көрсетті. «Мәселен, Петропавлдағы «Радуга» кәсіп¬орны қағаз өнімдері бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу есебінен 1 млрд теңгеге өнім шығарып, 100%-ға жүктелді. Сондай ақ Павлодардағы «Лакра» кәсіпорны лак бояу өндірісі көлемін 27%-ға, Алматыдағы «Marschall» тұрмыстық химия өндірісін 15%-ға ұлғайтты. Астанада осы сәуірде өнім шығаруды бастаған «Metal Former» кәсіпорны «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 100%-ға жүктеліп, төрт айда 3,6 млрд теңгеге өнім шығарды», деді Қ.Шарлапаев.
Министрдің айтуынша, биылғы жобалар пулында 1,3 трлн теңгені құ¬райтын 180 жоба бар. Бұл жобалар іске қосылғанда, 15,2 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылады. Жыл басынан бері 158 млрд теңгеге 43 жоба іске қосылып, 2 мыңдай жұмыс орны ашылды. Оның ішінде Маңғыстау облысындағы КазАзот аммоний сульфаты, Қызылорда облысындағы «Orda Glass» энергия үнемдейтін шыны, Батыс Қазақстан облысындағы Каспи Мұнай Капитал мұнай газ жабдықтар өндірістері бар. Бұл жобалардың негізгі мақсаты – импортты алмастыру. Сонымен қатар жыл соңына дейін Шымкент қаласында «Wan Sheng Ceramic» керамикалық плит¬ка¬лар өндірісі, Қостанай облысында «KamLitKZ» жүк автомобильдер компо¬ненттерінің өндірісі, Қостанай облысында Пружина теміржол вагондарына арналған серіппелер өндірісін іске қосу көзделген.
Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алу¬ды реттеу мәселесінде бірқатар мін¬дет қойды. Өзекті мәселелердің бірі – отандық тауарлар каталогтерінің қайта¬лануы. Бұл өнімді импорттауға және одан әрі оны отандық тауар ретінде сатуға мүмкіндік береді. Қаржы министрлігі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Мемлекеттік сатып алудың электронды каталогін әзірледі. Премьер-министр Қаржы министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірге сараптап, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің артық каталогтерін жоюды тапсырды.
«Сондай-ақ Өнеркәсіп және құры¬лыс министрлігі мемлекеттік органдар¬мен және ұйымдармен бірлесіп, отан¬дық шикізат пен материалдарды пайда¬лану бойынша ірі мердігер компания¬лардың міндеттемелеріне мониторинг жүр¬гізудің пәрменді тетігін әзірлеуге тиіс. Қазақстандық өнімдер бола тұра, им¬порттық тауарларды сатып алу жалға¬сып келеді, мұны доғару керек», деді О.Бектенов.
Фармацевтика өндірісі 14,5%-ға ұлғайды
Сонымен қатар жиында фармацевтика саласын дамыту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша бірқа¬тар міндет белгіленді. Осы орайда Ден¬саулық сақтау министрі Ақмарал Әлна¬зарова отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау бойынша қабыл¬данып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, бірінші жар¬тыжылдықта елімізде отандық фар¬мацев¬тикалық өндіріс көлемі 95 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыс¬тырғанда өсім көрсеткіші 14,5%-ға арт-ты. Бүгінгі таңда 4 мыңға жуық фарма¬цевтикалық өнім жеткізу бойынша 35 отандық өндірушінің қатысуымен ұзақмерзімді 94 шарт жасалды. Жыл соңына дейін өзге 24 отандық өндірушімен ұзақмерзімді шарт жасалуы арқылы 1 412 дәрілік зат пен медициналық бұйым¬дардың жеткізілуі қарастырылып отыр. Алдағы 3 жылдың ішінде жасалған ұзақмерзімді шарттарда белгіленген көлемге кезең-кезеңімен шығу жоспарланып отыр.
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу кезінде отандық өндірушілерге басым түрде қолайлы жағ¬дай жасалды. Нәтижесінде, биыл¬ғы 6 ай қорытындысы бойынша 29,5 млрд теңге көлемінде 196 дәрілік зат түрі жет¬кізілді», деп мәлімдеді А. Әлназарова.
Елімізде дәрілік қауіпсіздігінің тұрақ¬ты әрі базалық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министр¬лігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған кең таралған аурулар тізімінің негізінде басымдық беретін дәрі¬лік заттар тізімін қалыптастырды. Нәтижесінде, 283 дәрілік зат іріктеліп алынды. Бүгінде аталған тізімдегі 107 дәрілік зат (37,5%) Қа-зақстан аумағында өндіріледі. Алдағы уақытта қалған 178 дәрілік зат (62,5%) өнді¬рісін жүргізу басымдыққа ие болады.
Үкімет басшысы еліміздің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фармацевтика саласын тұрақты әрі сапалы дамытудың маңызын атап өтті.
«Осы жылдың бірінші жартыжыл¬дығында еліміздің фармацевтика өндірісі 14,5%-ға ұлғайды. Алайда саладағы әлеует бұдан әлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау министрлігіне осы көрсеткішті жыл соңына қарай одан әрі ұлғайтып, шығарылатын препараттардың көлемі мен тізбесін кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырамын», деді О.Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министр медици¬налық ұйымдарды электрондық форматқа көшіру арқылы фармацевтика өнімін сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Өз өндірушілерімізді қолдауға тиіспіз
Үкімет отырысы барысында О.Бекте¬нов мұнай-газ саласындағы мемлекеттік сатып алу саласын реттеу жөнінде тапсырма берді. Аталған саладағы атқарылған жұмыстар жөнінде Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов біршама дерек келтірді.
Вице-министрдің айтуынша, бірінші жартыжылдықта көмірсутек шикізаты мен уранды пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қыз¬меттерді сатып алудың жалпы көлеміндегі елішілік құндылық үлесінің (2,8 трлн тең¬ге) орташа салалық көрсеткішінің өсуі байқалады. Бұл 61,6%-ды, яғни 1,7 трлн теңгені құрады. Осы көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен (57,3%) салыс¬тырғанда 4% тармаққа жоғары.
«Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің сатып алу қағидаларына қазақстандық өнді¬рушілерді қолдауға бағытталған өзгеріс¬тер енгізілді. Атап айтқанда, тауарларды сатып алу кезінде жер қойнауын пайда¬ланушылар ескеруі үшін отандық тауар өндірушілердің міндетті тізілімі енгізілді; тізілімде жалғыз отандық та¬уар өндіруші болған кезде, одан тауарды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылады; тізілімде екі және одан да көп отандық тауар өндіруші болған кезде, тауарды сатып алу олардың арасында ғана өткізіледі (қазақстандық тендер); импортталатын тауарды сатып алуға арналған шарт тауарды өндірушінің Қазақстан аумағында жергіліктендіру бағдарламасын міндетті түрде ұсынуымен және оны өндіруді қамтамасыз етумен 5 жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Бұдан басқа, министрлікке ұсынатын елішілік құндылық бойынша есептердің нысаны өзгертілді. Бұл жер қойнауын пайдаланушылар жұмыстар мен қыз¬меттерді сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алудың сапалық және сандық динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді», деді вице-министр.
Биыл 10-12 шілде аралығында отандық тауар өндірушілер хабардар болуы үшін Атырау қаласында сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары бойынша 3 ірі жобаның Ашық есік күндері өткі¬зілді. Аталған іс-шараға отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды жеткізу¬шілердің 300-ден аса өкілі қатысты.
«Қазіргі кезде ірі мұнай-газ жобалары¬ның негізгі жер қойнауын пайдаланушылары отандық тауар өндірушілермен 240 млн долларға келісімшарттарға қол қойды. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібі үшін өндірістің жаңа түрлерін игеру бойынша 65 меморандум бекітілді. Оларды қазірден бастап офтейк-келісімшарттарға трансформациялау қажет», деді О.Бектенов.
Үкімет басшысы Энергетика министр¬лігіне қыркүйек айының соңына дейін ірі мұнай-газ компаниялары мен отандық өндірушілер арасында 5 жылдан асатын ұзақмерзімді к嬬лісім¬¬шарттардың кепілді жасалуын қа쬬¬тамасыз ете отырып, тиісті жұмыс жү𬬬гізуді тапсырды.