РЖҚЖ құтқарушылары Богданович мұздығына барар жол аумағынан ер адамды тасымалдады

6 ақпанда сағат 14.35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел кезекшісіне 2002 жылы туған азаматтың Талғар асуынан түсіп, Богданович мұздығына қарай бағыт алған кезде құлап, өзгінен  жүре алмайтыны туралы хабарлама түсті. Оның жанында таныс қызы болды. 8 құтқарушы, оның ішінде бір кинологиялық топ оқиға орны Іле Алатауы тауларына дереу шықты.

Сағат 16.05-те құтқарушылар Богданович мұздығына барар жол аумағынан  ер адамды тапты. Зардап шеккен адамның аяғы жарақаттанғандықтан, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Құтқарушы топ зардап шеккен адамды Медеуге дейін тасымалдады. Ол жерде оны туыстары күтіп тұр еді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таудағы қауіпсіздік шараларын еске салады. Жоспарланған бағытыңыз туралы мүмкіндігінше көбірек ақпарат білуге тырысыңыз, таулы жерлердің ерекшеліктерін ескеріңіз. Термалды іш киімді киіп, телефонды зарядтап, паурбанкті өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз. Маусымға сай келетін ыңғайлы аяқ киім киіңіз.Саяхат алдында  баратын аймақтағы ауа-райының болжамымен танысу маңызды. Жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды және қайтып келу уақытын айтыңыз. Тауға  жалғыз шықпағаныңыз абзал.

Егер сізге көмек қажет болса, 112 немесе 8(727) 372 -15-60 («ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қоңырау шалыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *