Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, сонымен қатар желдің күшеюі күтіледі. Кейін еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендеуі ықтимал. Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта 15-28 градусқа дейін, орталық өңірлерде 15-25 градусқа дейін, Қазақстанның шығысында 15-30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 7 ақпан күні еліміздің 10 өңірінде ауа райы бұзылатынын болжап, дауылдық ескерту жариялаған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *