ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ГІР ТАСЫН 1000 РЕТ КӨТЕРІП ЖҰРТТЫ ТАҢ ҚАЛДЫРУДА

     Түркістан облысы Түлкібас ауданында барлық салалармен қатар спорт саласыда қарыштап даму үстінде. Бүгінгі таңда аудан спортшылары спорттың бірнеше түрінен облыстық, республикалық және әлемдік ареналарда бақ сынап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Өңірде әсересе гір тасын көтеру спортына жастардың ықыласы ерекше. Болашағынан үміт күттірер спортшылар да жетерлік. Солардың арасынан 4 жасөспірімді ерекше атап өтуге болады.

Мұхамеджан Жәнәділ-2004 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Түлкібас кентіне қарасты А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы. Гір тасын көтеру спортымен шұғылданып жүргеніне биыл 4 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда 16 келілік гір тасын 1200 рет көтеруде. 50 келі салмақта жасөспірім және ересектер арасында облыс чемпионы.

Нұржан Ақжан-2005 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Спорттың бұл түрімен 2017 жылдан бастап шұғылданады. Бүгінгі таңда 16 келілік гір тасын 1000 рет көтеруде. 43 келі салмақта жасөспірімдер арасында облыс чемпионы.

Айбасов Әлімжан-2006 жылы Түлкібас ауданында туылған. Гір тасын көтеру спортына биыл келіп, 16 келі гір тасын 1000 рет көтеруде. Жақында өткен аудан біріншілігінде бас жүлдені иеленген.

Келесі кейіпкеріміз Үкібаев Ермек-2005 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Гір тасын көтеру спортымен 2015 жылдан бастап айналысады. Ересектер және жасөспірімдер арасынан облыстың бірнеше дүркін чемпионы.

Гір тасын көтеру спортына бар жән-тәнімен берілген төрт бірдей жасөсіпірімнің алдына қойған мақсаттары айқын. Білекті жастардың арманы әлем рекордтарын жаңартып, еліміздің көк туын көкте желбірету.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *