2025 жылғы 18 қыркүйек күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №74 жалпы орта білім беретін мектебінде республикалық «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында «Таза қала, таза аула, таза үй» атты экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және туған өлкенің табиғатына деген қамқорлық сезімін дамыту. Акция барысында мектеп ұжымы мен оқушылар бірігіп, мектеп ауласында сенбілік жұмыстарын жүргізіп, айналаны қоқыстан тазартып, көгалдандыру ісіне белсене қатысты. Оқушылар ағаштар мен гүлзарларды суарып, арам шөптерді отап, тазалықтың тек мектеп аумағы үшін ғана емес, тұтас қала үшін маңызын терең түсінді. Экологиялық іс-шара аясында оқушылар мен мұғалімдер арасында тәрбие сағаттары, экотақырыптағы сурет байқаулары және экологиялық дөңгелек үстелдер де өтті. Мұндай мазмұнды жұмыстар жастардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, оларды саналы экологиялық азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталды. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, бұл акция оқушыларға тазалықты сақтау мен табиғатты аялаудың маңыздылығын тек сөзбен емес, нақты іспен көрсетуге мүмкіндік берді. «Таза орта — дені сау ұрпақтың кепілі. Бүгінгі өткізілген шара арқылы балалар табиғатты қорғаудың өз қолдарында екенін ұғынды. Бұл – тәрбиелік мәні зор бастама», – дейді мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы бұл акция №74 мектеп оқушыларының бойында қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тазалықты сақтау және азаматтық белсенділік секілді маңызды құндылықтарды қалыптастыруда ерекше рөл атқарды. Осындай игі істер ұдайы жалғасып, оқушыларды елдің экологиялық қауіпсіздігіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеуге негіз болмақ.