ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ШЕБЕР

Қоғамның ілгерілеуіне өз еңбегімен үлес қосып жүрген жұмысшы мамандардың орны ерекше. Солардың бірі – «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің 5-дәрежелі электрогазбен дәнекерлеушісі, тәжірибелі маман Мухиддин Кошкинович Умиров.
Мамандыққа адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында ол өндіріс саласында 10 жылдан астам уақыт бойы табысты еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 1995-2003 жылдары әлсіз азот қышқылы цехында бастап, кейіннен 2005-2006 жылдары «Южполиметалл» ӨК» АҚ-да, 2014-2015 жылдары «3-Энергоорталық» АҚ-да электрогазбен дәнекерлеуші болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бері Мухиддин Кошкинович «Қуатжылуорталық-3» МКК-де қызмет атқарып, өзінің тәжірибесі мен кәсіби машығын жас мамандарға үйретіп келеді. Әріптестері оны еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үшін жоғары бағалайды.
Өз ісінің шебері атанған Мухиддин Умиров – адал еңбектің, тұрақтылық пен табандылықтың жарқын үлгісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *