ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТЕДІ

Қазанның соңғы жексенбісі – әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні.

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн – өмірдегі қиындықтарға тап болған жандарға жанашырлық танытып, қолдау көрсететін мамандардың еңбегін дәріптеуге арналған.

Бүгінде Шымкент қаласында 1 913 әлеуметтік сала қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде:

  • 1 688 маман – мүгедектігі бар балалар мен ересектерге, жалғызілікті қарттарға және күнделікті тұрмыста өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын азаматтарға көмек көрсетеді;

  • 30 қызметкер – отбасылық институтты нығайту және отбасылардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында еңбек етеді;

  • 195 маман – халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы белсенділікті арттырумен айналысады.

Қалада әлеуметтік қызметтер желісі кеңінен дамыған. Халыққа барлығы:

  • 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы,

  • 1 санаторлық-курорттық орталық,

  • 1 мүгедектігі бар азаматтарға арналған қолдау орталығы,

  • 1 отбасын қолдау орталығы,

  • сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығы мен әр аудандағы мансап орталықтары
    қызмет көрсетеді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектерге, І-ІІ топтағы өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын азаматтарға және жалғызілікті қарттарға көрсетіледі. Қызметтер стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу форматтарында ұйымдастырылған.

2025 жылдың 1 қазанына дейін Шымкент қаласында 3 236 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Оның ішінде:

  • стационар жағдайында – 752 адам;

  • жартылай стационарда – 793 адам;

  • уақытша болу орталықтарында – 402 адам;

  • үйде қызмет көрсету бойынша – 1 289 адам көмек алған.


Әлеуметтік сала – адамгершілік пен жанашырлыққа негізделген мәртебелі міндет. Күнделікті еңбегі көзге көрінгенімен, маңыздылығы өлшеусіз мамандардың кәсіби мерекесі – олардың қоғам үшін атқарып отырған еңбегіне деген алғыс пен құрметтің белгісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *