«Бір ел – бір тағдыр» патриоттық әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды

2021 жылғы 15-16 қазан күндері  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Біркөлік Айса» демалыс аумағында «Бір ел – бір тағдыр» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тақырыбында мемлекеттік ұйым өкілдері мен қоғам белсенділеріне арналған 2 (екі)  күндік лагер өткізілді.

Жобаның мақсаты – Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық  сезімдерін ояту, Жас ұрпақты  сүйіспеншілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға – апалардың ерлігін үлгі ету

Аталмыш жобаға жоғарғы және орта арнулы оқу орындарынан 50 жуық жас қатысты.

Оқу-жаттығу барысында жастармен квест ойындары, семинар-тренингтер, спорттық ойындар өткізілді. Сонымен қатар жобаға қатысушы жастарды  Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау» бөлімінің басшысы Серғазы Әбілқайыров спорттық ойындардан жүлделі орын алған жастарды марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *