СОЗАҚ: ЫБЫРАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕН САЛЫНЫП ЖАТҚАН БІЛІМ ОШАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АРАЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және Түркістан облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары Тәжібай Егетаев Ыбырай елді мекеніндегі 200 орындық Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс сапасымен танысты.

Онда мердігер мекеменің басшысы және жауапты сала мамандары болды.
Жұмыс барысында бірқатар кемшіліктерге тоқталып, мердігер мекеме басшысына атқарылып жатқан жұмыстар өндірістік кестеден кешігіп, баяу екендігін айтты. Алдағы апта ішінде жұмысшы азаматтардың санын арттырып, орын алып жатқан кемшіліктер қалпына келтірілмеген жағдайда мердігер мекеменің мәселесі қаралатынын қатаң ескертті.
Аудан басшысы жұмысты барынша ширатып, сапасын бақылауда ұстау үшін жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұдан өзге Мақтаарал ауданында 200 орындық 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында тағы 5 мектептің құрылысы басталды.
Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралап, кейбір орын алған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелердің басшыларына ескертулер берді.

Құрылысы жүріп жатқан мектептер пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын болады.
Мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалады.

Бұдан өзге, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорт сарайының құрылысы аяқталуға жақын қалды. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Спорт сарайы ел игілігіне берілгеннен соң аудан жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік туады.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков құрылыс нысанына барып, арнайы аралап көрді. Орын алған кейбір кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге ескерту берді. Сондай-ақ, құрылыс нысанын өз уақытында аяқтауды тапсырды.

Нысанның конкурстық құны 881 миллион теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде. 2022 жылдың сәуір айында басталған құрылыс нысаны жақын арада ел игілігіне берілетін болады.

Жалпы спорт сарайының жобасы бойынша нысан 2 қабаттан тұрады. Сондай-ақ, 2 үлкен спорт залы және жаттығу залы, сабақ өтуге арналған арнайы залдар бар. Бірінші қабаттағы спорт залында спорттың гандбол, баскетбол, волейбол түрлері дамытылатын болады. Ал, екінші спорт залында күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетикамен айналысуға барлық жағдай қарастырылады.

Бұдан бөлек, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім шешетін және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузелдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *