ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханада инсульт орталығы іске қосылды. Аталған орталықта күрделі оталар жасалады деп күтілуде. Сонымен қатар, инсульт бөлімшесінде шет мемлекеттерден тәжірибе арттырған арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Оған қоса атаулы орталықта арнайы дағдыланған, тәжірибиелі мейірбикелер мен кіші қызметкерлер жұмыс істейді. Мекеме қызметкерлері бүгінде науқастарға емдік шараларын үздіксіз жүргізуде.
Орталық, компьютерлік томография, төсек орындар функционалды керуеттер, монитор сынды қажетті құрал-жабдықтармен толыққан.

Мұнда дәрігерлер тромболизистік терапия, нейрохирургиялық ота, ерте оңалту процедуралары, логопедтік массаж түрлерін яғни инсульттен кейінгі қалыпқа келтіретін ем дом шараларын жүргізеді. Осыған дейін Инсульт бөлімшесінде 4 нейрохирургиялық ота, 3 тромболизистік терапия емі жүргізілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында медициналық оқу орындарының жанынан ауруханалар мен емханалар ашылатыны туралы хабарлады. Аталған бастама медицина саласы бойынша білім алып жатқан студенттердің тәжірибе алмасып, маман ретінде өсуіне жағдай жасайды Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жолдаудағы үшінші бағдар – ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция. Әсіресе алдағы үш жылда резидентура бойынша бөлінетін грант санының 70 пайызға артатыны жағымды жаңалық болды.

Сондай-ақ медициналық оқу орындарының жанынан ауруханалар мен емханалар ашу студенттеріміздің тәжірибе алмасып, маман ретінде өсуіне жағдай жасайды. Бәсекеге қабілетті денсаулық саласының бірінші көрсеткіші – кәсіби мамандар, яғни білімді, тәжірибелі дәрігерлер. Президент осы мәселе төңірегінде нақты шешімдерді ортаға тастады. Жолдауда көп түйткілді мәселенің шешімі айқын көрініс тапқан. Әділетті қоғамның басты белгісі – әділетті тұрғындар. Жаңа Қазақстанның дамуы ең әуелі әр азаматтың өзіне тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *