ТҮРКІСТАН: Леңгірде оқушылар үйі салынып жатыр

Жеңіл атлетика, еркін күрес, қолөнер бағытында «мүсінші», «тігінші» және тілдік бағытта «өнерлі бала» үйірмелері жұмыс істейді. Леңгір қаласында оқушылар үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында 80 орындық оқушылар үйінің құрылысы басталған болатын. Заманауи жаңа ғимараттың жалпы аумағы 1580 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда ішкі әрлеу және монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев мердігер мекеме басшысына жұмысты көрсетілген мерзімге дейін аяқтап, пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Ал, жауапты сала басшыларына құрылыстың сапалы болуын қадағалауды жүктеді. Аталған нысан құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мұнда жеңіл атлетика, еркін күрес, қолөнер бағытында «мүсінші», «тігінші» және тілдік бағытта «өнерлі бала» үйірмелері жұмыс істейді. Айта кетсек, ескі аудандық оқушылар үйінің ғимараты 1937 жылы шахта жұмысшылары үшін жатақхана ретінде салынған. Соғыс жылдарынан кейін ғимарат қалалық №7 бастауыш мектебіне, 1960 жылдан бастап №5 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары үшін берілген.
Айта кетсек, 30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп келеді. Түркістандағы «Оқушылар сарайында» еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта Түркістандағы 1500-ге жуық бала мен жасөспірім «Оқушылар сарайы»-ЮНЕСКО клубындағы 6 білім беру бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық үйірмеде қосымша білім алып жатыр. Соның ішінде ғарыштық технологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі – «UniSat» білім беру хабының орны айрықша. 2022 жылдың қыркүйек айында ашылған бұл хаб – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Оқушылар сарайының» бірлесе атқарған жобасы. Жер және ғарыштағы радиохабар тарататын құрылғылардан аналогтық, цифрлық радиосигналдарды беруге және қабылдауға мүмкіндік жасаған хаб арқылы 30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп келеді. Мекеме директоры Индира Икапованың сөзіне сүйенсек, бұл үйірмедегі хаб ашылғаннан кейін көп ұзамай-ақ, яғни қазан айында Түркістаннан 50 шақырым жерде атмосфераның жоғарғы қабатына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырылған. Салмағы 1-10 келі аралығындағы шағын ғарыш аппараттары бірнеше камера және сенсорлармен жабдықталыпты. Осылайша, қазір ол наноспутниктердің көмегімен ауа температурасы, қысымы, ылғалдығы және ластануы туралы мәліметтер жинақталып жатыр. «Бұл үйірмеге 12 жастан асқан, ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *