Түркістан: «1 000 мектеп» жобасы іске асуда

Биыл Түркістанның облыс орталығы болғанына 5 жыл толып отыр. Осыдан 5 жыл бұрын Президент жарлығымен жаңадан Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты. Мәселен, соңғы 5 жылда өңірде 100 мектеп салынды. Рухани шаһар облыс орталығына айналмас бұрын білім ордаларының саны 900-дің жобасында болса, қазір мыңнан асып жығылады. Сонымен, 78 мектептің құрылысы бюджет есебінен жүргізіліп, бүгінде 64 білім ошағының құрылысы аяқталған. Бұл үш ауысымды мектептер өзектілігін шешуге өз септігін тигізіп отыр. Одан бөлек, 108 мектептің асханасы жаңғыртылды. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін 907 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, 750 мектептің бейнекамерасы полицияның жедел атқару орталығына интеграцияланды.
Қазіргі таңда өңірде «1 000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7 500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биыл 11 білім ұясы пайдалануға берілмек. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады.
Ал, 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық шеңберін іске асыру мақсатында облыста 49 000 орынды 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы 20 мектепті (5 150 орын) пайдалануға берілу жоспарланған. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Қ.Тоқаев мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда халықтың кітап оқу дағдысын қалыптастыруды мектептерден бастап қолға алуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту» жөніндегі Жол картасы әзірленді. Осы ретте «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасын атап өткім келіп отыр.
Осы аталған ұлттық жоба аясында Түркістан облысының білім саласы оқушылар мен мұғалімдерді кітап оқуға ынталандыратын инновациялық кітапхана облыстық жобасы тұрақты жүргізіп келеді. Кітапхана жобасы – оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыратын механизмін жасап шықты. Жобаға қатысушы мұғалімдер мен оқушылардың үлесі артып отыр. 2023 жылы жоба арнайы сайтқа тіркелу арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда сайтқа жалпы 2054 оқырман тіркелді, оның 397-сі педагогтер, 1657-сы оқушылар. Биылғы жылғы нәтижесі шығарылып топ жарған 8 ұстаз, 4 оқушы арнайы ноутбуктар мен велосипедтер сыйға тартылды. Жобаның тиімділігі мектептердегі кітапхана оқырмандарының саны жылдан жылға артып келеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша 55 мектепте демеушілердің көмегімен «Коворкинг» орталығы ашылды. Көркем әдебиетке 378 млн 717 370 т бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалап, толықтыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акциясы ұйымдастырылып, қазіргі таңда 37 мыңға жуық көркем әдебиет жинақталды.
Колледждер WorldSkills халықаралық қозғалысына қатысып, өткен жылғы ұлттық чемпионатта облыс құрамасы 28 құзыреттілік бойынша 19 (5 күміс, 3 қола, 7 ерекше медальон) медальге ие болды. Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік «ТОП 100 студент» ұлттық байқауында өңірден жеңімпаз 5 колледж студенттері қатысып, министрдің алғыс хатымен марапатталды. Екі жылда мемлекеттік тапсырыс көлемі 2,5 есе үлкейіп отыр. 2022 жылы – 11 110 мемлекеттік тапсырыс орын бөлінген (республикалық бюджет). 2023 жылы – 15 300 орын жоспарланып отыр (республикалық бюджет). Халықаралық ынтымақтастық аясында Ташкент қаласының колледждер мен Түркістан облысының колледждер арасында меморандум жасалынды. Меморандум негізінде білім бері ұйымдарының өзара тәжірибесіне сүйенеді.
Биыл алғаш рет республикалық «Жұмыс берушілер күні» атты ашық есік күні атап өтілді. Аталған іс-шараға 52 колледжден 445 әлеуметтік серіктестер мен жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдері қатысып, нәтижесінде түлектерді жұмысқа орналасу туралы меморандумға қол қойылды. 2023 жылдан бастап пилоттық жоба ретінде Түркістан облысында 2 колледжде 10-11 сыныптарының білім алушылары оқудан қол үзбей бір уақытта жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алуға эксперименттік білім беру бағдарламасын жүзеге асырылуда. Яғни, мектеп түлегі аттестатпен бірге колледждің дипломын алып шығады, нарыққа қажет мамандықтың иесі бола алады.
Талапкерлердің сабаққа қатысуын қадағалау мақсатында 2022-2023 оқу жылында колледждердің кіреберісіне автоматтандырылған бақылау жүйесі (СКУД) орнатылды. Бүгінгі күні облыста дуальды оқыту жүйесі 35 колледжде көлік, тамақтану, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, сервис, энергетика және байланыс салалары бойынша іске асырылылып, 5390 студентті қамтиды. Қазіргі таңда жұмысқа орналасқандар саны 734 құрайды. Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда өңірде «1 000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7 500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биыл 11 білім ұясы пайдалануға берілмек. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылда аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2 050 орынды 9 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Соңғы жылдары елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан көптеген қолай­лы жағдайлар жасалуда. Бұл өз кезегінде білімнің салтанат құрып, кеңге қанат жаю­ы­на жол ашпақ. Өйткені сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәр­­биелеу болашаққа жасалған бас­ты инвестиция. Айта кететін маңызды мәселе — қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту. Осы және өзге де білім беру саласындағы мәселелерді нақты шешуге және оны одан әрі дамытуға бағытталған жұмыстарды қазіргі Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырза жалғастыруда. Ол білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне және білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын азайтуға баса назар аударуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *