ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА МЕКТЕП КИІМІ МЕН ОҚУ-ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен мектеп киімі мен оқу-құралдарының жәрмеңкесі өз жалғасын табуда. Облыс орталығында орналасқан Эко-базардағы жәрмеңкеде тауарлар нарықтан 15-20% төмен бағада сатылып жатыр.

Атап айтқанда, мектеп формасы қыз балаға — 5000 теңгеден, ер баланің мектеп киімі — 14 мың теңгеден сатылымға қойылса, оқу- құралдарынан қарындашты — 15 теңгеден, дәптерді- 25 теңгеден алуға болады. Ал, аяқ киімдер бағасы 5000-7000 теңге аралығында болса, мектеп сөмкелері 2500 — 5000 теңге аралығында саудалануда.
Жәрмеңкеде төрт баласын киіндіруге келген қала тұрғыны Аманкүл Жанғазиева жәрмеңкенің көпбалалы отбасы мүшелерін мектепке дайындауда жеңілдік беретінін жеткізіп, шараның жүйелі ұйымдастырылуын ұсынды.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Жәрмеңкеге жергілікті кәсіпкерлер оқу-құралдарын, мектеп формасын, мектепке қажетті құрал-жабдықтарды тұтынушыларға жеңілдікпен ұсынды. Жәрмеңкеге «Алатау текстиль», ИП «Сабыров», ИП «Алтынбеков», «Заря» Отандық өнім Балалар аяқ киімі және Түлкібас ауданының сауда орталықтарының саудагерлері өз заттарын көпшілікке ұсынды.
Осы аталған акция аясында ауданымыздың белсенді азаматтары яғни демеушілер есебінен 500-ге жуық оқушыға мектеп формасы мен оқу-құрал жабдықтары табысталып, балаларға қуаныш сыйлады. Жомарт жандар бастаған бұл қайырымдылық іс-шара талай бүлдіршіндерді қуантары сөзсіз.

Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 2500 ден астам балаға, мұнан бөлек аудан әкімі Азат Оралбаевтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер тарапынан да балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.
Бұл реткі «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінің мақсаты – оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
Жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының «АвтоНұр» сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және тағы басқа тауарларын 20-30 пайыздық жеңілдікпен ұсынды. Айта кетерлігі, аталған науқандық акция осы уақыт аралығында ауданның барлық ауыл окургтері мен ауыл, елді мекендерінде жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *