ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Түркі мәдениетінің бесігі – Түркістанға ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Себебі ежелгі қаланың аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандары, тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Бұл маңызды мәртебе Түркістанның тарихи бөлігінің ауқымын сақтап қалуды, қала құрылысы барысында, тиісті ережелерді ұстануды көздейді. Сондай-ақ ластанудың және стихиялық урбанизацияның алдын алады. Естеріңізге сала кетейік, қаланы түркі әлемінің халықаралық туризм және зиярат ету орталығына айналдыру жоспарланып отыр.Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде 3 жылға есептелген кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.Ерекше мәртебе беру үшін бірқатар заңдар мен кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Түзетулер Түркістан қаласының әкімдігіне туристік саланы дамыту бойынша құзырет беруге, қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуға, сәулет келбетін қалыптастыруға, сәулет-қала құрылысы тәртібінің сақталуына және тарихи-мәдени мұра нысандарын есепке алу, сақтау және зерделеу жөнінде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Кесененің құрылымдық құрылымын зерттеу үшін ғимарат толығымен 3D сканерлеуден өтеді. Бұл кесене құрылымындағы ақауларды анықтауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, XVI ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін кесенеге қатысты ғылыми және тарихи дереккөздерді цифрландыру жоспарланған. Цифрлық қайнар көздер нысанда жүргізілетін ғылыми және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының ақпараттық базасын құрайтын болады.
Тарихи нысанның пайда болуы, архитектуралық шешімдер мен қалпына келтіру жұмыстары туралы құнды деректерді цифрландыру болашақта ғылыми-зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары үшін маңызды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттарының бірі — мониторингтің автоматтандырылған жүйесін құру. Бұл автоматты жүйе арқылы Ясауи кесенесінің геометриялық және деформациялық жай-күйін, сондай-ақ объектінің ылғалдылық деңгейін, сейсмикалық белсенділігін және дірілге төзімділігін мониторингке арналған аппаратураның көмегімен тәулік бойы бақылауға болады.
«Автоматтандырылған мониторинг жүйесін құру Ахмет Ясауи кесенесінде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмысының бір бөлігі ғана. Отандық білікті ғалымдар мен Ираннан, Әзірбайжаннан және басқа елдерден шақырылған мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылыс материалдарын, олардың құрамын зерттейді, сондай-ақ ғимаратқа экологиялық, гидрогеологиялық, микробиологиялық және сейсмикалық зерттеулер жүргізеді», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *