Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитов білім мекемелері басшыларымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов білім мекемелерінің басшыларымен кездесті. Аталған жиынға аудандық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Зиятаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүльнара Тынымбаева және аудан мектептерінің директорлары қатысты. Онда балалардың қауіпсіздігі, тәрбие жұмысы, білім сапасы және мектеп психологтарының жұмысы жайлы айтылды. Ауқымды жиында білім саласына қатысты барлық мәселелер қамтылды.
Алғашқы болып сөз алған бөлім басшысы Гульнара Тынымбаева оқу жылының басталуымен құттықтап, 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарды және жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын баяндады. Ауданда жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 5924 оқушы (2022 жылы – 6231 оқушы) барады. Ал жалпы 2023-2024 оқу жылында 64371 оқушы білім алады деп жоспарлануда, былтырғымен салыстырғанда 965 оқушыға артып отыр.
Ауданда барлық мектептерде жалпы 7962 мұғалімдер жұмыс атқарады. Бұл ретте Арман Сәбитов аудандағы білім беру мекемелері алдағы уақытта облыстағы үздік үштіктен көрінетіндігіне сенім білдірді. Оған білікті ұстаздарымыздың потенциалы жететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, мұғалімдердің бір-біріне деген жылы қарым-қатынасы маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбиемен сапалы білім алуына септігін тигізетіндігін айтты.
Жиынға қатысқан мектеп директорлары жаңа оқу жылында ата-аналарды біріктіріп, оқушылардың қауіпсіздігі – бұл ортақ жауапкершілік екенін және форс-мажорларды алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Жиын соңында аудан әкімі Арман Сәбитов жоғары көрсеткіштерге жеткен мектептер мен мектеп директорларын «30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесі қарсаңында марапаттады. Арман Сәбитов білім беру саласының қызметкерлерімен ашық пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *