ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

2023 жылдың тамыз айының 29 күні аудан орталығының Мәдениет сарайында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы » жиын өтті.
Жиынға білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Жиында төмендегі мәселелер қаралды:
Мектептердің лицензиялары, аралас мектептердегі қазақ-орыс мектептеріндегі орыс сыныптарының және қазақ-өзбек мектептеріндегі қазақ сыныптарындағы білім алушылардың білім жетістіктері, бос орындарға конкурстар жариялау, жұмысқа конкурс негізінде қабылдау, инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, үйде оқыту бойынша арнайы комиссияның құжаттарын әзірлеу, e-otinish –ке келіп түсіп жатқан арыздардар жайында. Smart.snation.kz порталы арқылы МАД топтарына қабылдау, 1-ші сыныпқа қабылдау, 10-шы сыныпқа қабылдау бойынша атқарылған жұмыстар, С.Рахимов атындағы жобб мектебінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы, оқулық мәселесі, әдістемелік оқу жоспары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларды тасымалдау туралы, білім беру мекемелеріндегі мамандандырылған күзет бойынша, мұғалімдердің жалақысы және де еңбек тәртібі жайында айтылды.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің, қылмысының алдын алу проофилактикалық шараларды күшейту, әрбір мектепте құрылған «Жұмысшы топ» мүшелерімен профилактикалық рейдтерді тұрақты жүргізу, әсіресе мектепішілік есепке алынған «лидер», «тәрбиесі қиын» оқушылардың сабақтан тыс кезінде үйірмелерге тарту. Мектепке оқушылардың мектеп формасымен келуін, мектепте мұғалімнің және оқушының, сондай-ақ ата-ананың мектептегі бекітілген «ішкі тәртіп» ережесіне сәйкес жүруін талап етуді қатаң қадағалауына баса назар аударуды қажеттігін айтты. Осал объектіге жататын 7 мектептің паспортарының жаңарту қажеттігін жеткізді.Қаралған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ай сайын талқыланып отыратындығы келісілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *