АРЫС: БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОСЫМША ЖАҢА МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Арыс қаласының білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясына қосымша екі қабатты жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Жаңа қосымша мектептің салтанатты ашылу рәсімі мен алғашқы қоңырауына Арыс қаласының әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы, қалалық білім бөлімі басшысысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы, «Аманат» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Ділдәбеков Бақытғали Сарсенбекұлы және «Қамқоршылық» кеңес төрайымы Мырзабаева Дариға Қажмаханқызы сөз сөйлеп, мұғалімдерді, оқушыларды және ата-аналарды 1 қыркүйек – Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен, жаңа қосымша ғимараттың пайдалануға берілуімен құттықтады.
Игі шарада Әнұран шырқалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді.
Білім алушылар 200 орындық жаңа мектебіне өнерін арнады. Биыл қаламызға қарасты 37 мектепте 20 мыңнан астам оқушы тәрбиеленсе, оның 1526 оқушы мектепке алғаш қадам басты. Қолдарына «Әліппесін» қыса ұстаған олар «Мектеп» атты кеменің жолаушылары атанды. Шара барысында жиынның сәнін кіргізіп, бірінші және он бірінші сынып оқушылары күміс қоңырауды сыңғырлатты.
Көпшілік талапқа сай безендіріліп, жабдықталған жаңа мектепті аралап көріп, өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барша жағдай жасалғанына көз жеткізді.
Биыл түркістандық білім саласына бюджеттен 597 млрд теңге бөлінген. Оның 4 млрд-тан астамы мектептерді жөндеу жұмысына жұмсалды. Осы жылы 21 нысан күрделі жөндеуге алынды. Қазір 14 ғимаратта құрылыс жұмысы аяқталды. Алайда сыртқы қасбеті толық бітпеген мектептер бар. Оларда сабақ 1 қыркүйектен басталғанмен, мердігер әрлеу процесін 15 күннің ішінде тәмәмдауға уәде берген.Қазір облыста 9 үш ауысымды, 8 апатты білім ордасы бар. Ондағы орын тапшылығы 30 мыңды құрайды. Мемлекет жоспарына сәйкес аталған мәселені 2025 жылға дейін шешу жоспарланған. Ал жаңа оқу жылында 5 мың орындық 17 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *